2026 жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда есепті апта ішінде әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді, деп хабарлайды SKO24.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Өңірлер бөлінісінде бағаның төмендеу үрдісі еліміздің бірқатар қаласында байқалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі бір апта ішінде Ақтауда (-0,7%), Қонаевта (-0,3%), Жезқазған мен Петропавлда (әрқайсысы -0,2%), Тараз, Қарағанды және Түркістанда (әрқайсысы -0,1%) төмендеді. Ал Астана, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Павлодар және Семей қалаларында бағалар өткен апта деңгейінде сақталды.
Республика бойынша қиярдың орташа бағасы бір келісі үшін 524 теңгені құрады. Ең төмен баға Тараз қаласында тіркеліп, бір келісі 357 теңге болды.
Тазартылған күріштің орташа бағасы республика бойынша бір келісі үшін 534 теңгені құрады. Ең қолжетімді баға Қызылордада – 456 теңге, Алматыда – 478 теңге.
Ақ қауданды қырыққабаттың орташа бағасы республика бойынша бір келісі үшін 198 теңгені құрады. Ең төмен баға Түркістан қаласында, бір келісі 137 теңге.
I санаттағы 10 дана жұмыртқаның орташа бағасы республика бойынша 561 теңгені құрады. Ең төмен баға Қызылордада (464 теңге) және Оралда (476 теңге) тіркелді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағалары индексінің көрсеткіші апта сайын есептеледі. Бағаларды бақылау барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүргізіледі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының динамикадағы өзгерістерін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының сайтынан және «Талдау» ақпараттық-талдау жүйесінен көруге болады.