Солтүстік Қазақстан облысында алимент өндіру жөніндегі атқарушылық іс жүргізулер аясында ай сайын «Борышкер» рейдтік іс-шаралары өткізіледі. Олар Әділет департаментінің бастамасымен, облыс прокуратурасымен және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Бірлескен күш-жігердің арқасында жыл басынан бері СҚО-да алимент бойынша берешек жалпы сомасы 79 миллион теңгеден астам қаржыға азайтылды, деп хабарлайды SKO24.kz.
Балаларын асырауға арналған төлемдерден жүйелі түрде жалтарған 8 адамға қатысты қылмыстық істер қозғалды. Олардың төртеуі нақты жазаға тартылды, екі борышкерге қатысты сот процестері жалғасуда, ал қалғандары бойынша тергеу жүргізілуде.
Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті жеке сот орындаушыларының материалдары негізінде алимент өндіру туралы атқарушылық құжаттарды орындамағаны үшін 47 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олардың 8-і бес тәулікке дейін қамауға алынды, 11 борышкер қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Әділет департаменті, қадағалау органдары және сот орындаушылары тарапынан қабылданып жатқан белсенді шаралар, соның ішінде берешекті мәжбүрлеп өндіру, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту алимент төлеуден жалтарғандарға жаза қолданудың бұлтартпау қағидатын нығайтуға ықпал етеді. Жүргізіліп жатқан жұмыстар балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.