Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған міндеттері аясында «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасының қазіргі жағдайы жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды SKO24.kz.
Жиында атқарылып жатқан жұмыстар туралы  Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин баяндады.
Павлодар облысының Екібастұз қаласында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру шеңберінде жер учаскелері айқындалып, негізгі келісімдер жасалды, сондай-ақ қуаты 215 МВт болатын қосалқы станса сатып алынды. Аталған шаралар жобаның энергетикалық инфрақұрылымының негізін қалыптастырады.
Кеңес барысында инвесторлар үшін одан әрі қажетті жағдай қалыптастыру аясында энергиямен жабдықтаудың жеңілдетілген тарифтік моделі бекітіліп, тиісті инвестициялық және салықтық преференциялар белгіленді.
Бағдат Мусин халықаралық технологиялық және инвестициялық компанияларды тарту бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндады. АҚШ, Қытай және Үндістан елдерінен «бұлтты» есептеу, үлкен деректерді өңдеу және ЖИ салаларында жұмыс істейтін 20-дан астам hyperscale-компаниялармен келіссөздер жүргізілді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша 100 МВт-тан жоғары қуатқа алдын ала сұраныс қалыптастырылды. Сонымен қатар «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасының жалпы әлеуеті 1 ГВт-қа дейін жетеді және ірі «зәкірлік» клиенттерді орналастыруға есептелген.
Жалпы алғанда, «ДӨО алқабы» жобасын жүзеге асыру Қазақстанда ірі өңірлік цифрлық хабты қалыптастыруға және әлемдік жетекші технологиялық компанияларды тартуға бағытталған.
Премьер-министр қажетті нормативтік шешімдер қабылдауды жеделдетуді және жобаның барлық кезеңінің белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.