Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Solidcore Resources компаниясының бас атқарушы директоры Виталий Несиспен кездесу өткізді. Компания өңірде маңызды жоба – «Сырымбет» қалайы кен орнын игеру ісін жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды SKO24.kz.
Жоба Солтүстік Қазақстан облысы үшін стратегиялық маңызға ие. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 150 миллиард теңгені құрайды. Бұл – бүгінде өңірдегі ең ауқымды инвестициялық жоба. Оның іске асырылуы облыстың экономикалық өсуіне қуатты серпін береді.
Сонымен қатар, жобаның жүзеге асуы өңірлік еңбек нарығын дамытуда маңызды қадам болмақ – кәсіпорында 800-ден астам жаңа жұмыс орны құрылады. Бұл қосымша жұмыспен қамту мүмкіндіктерін ашады. Облыс әкімі сондай-ақ компанияның білім беру жүйесімен әріптестігінің маңыздылығын атап өтті.
«Solidcore Resources құрамына кіретін «Tin One Mining» АҚ мен Айыртау ауданының агротехникалық колледжі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл – сала үшін білікті кадрлар даярлауда маңызды қадам. Болашақ – жұмысшы мамандықтарында. Олардың беделі артып келеді, біз жастардың туған өңірінде кәсіби дамуына жағдай жасауымыз керек», – деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.
«Сырымбет» кен орнында өндірісті іске қосу 2028 жылға жоспарланған. Жоба өңір үшін ғана емес, бүкіл ел үшін стратегиялық мәнге ие, сондықтан ол Мемлекет басшысының ерекше бақылауында.