29 қарашада Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Бұл науқан жергілікті өкілді органдар құрамын жаңартып, өңірлердің, қалалар мен аудандардың дамуына қатысты шешімдер қабылдауға қатысатын депутаттар корпусын қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды SKO24.kz.
Мәслихаттар – жергілікті халықтың мүддесін білдіретін өкілді органдар. Олар өңірлік бюджеттерді бекітуге, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін қарауға және жергілікті атқарушы органдардың жұмысына бақылау жасауға қатысады. Сондықтан депутаттарды сайлау әрбір азамат үшін маңызды. Себебі сайланған өкілдер алдағы бес жыл бойы тұрғындардың мүддесін қорғап, елді мекендердің өзекті мәселелерін шешуге атсалысады.
2026 жылғы 12 қазанда Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс сайлауды 29 қарашаға белгіледі. Науқан қорытындысы бойынша елімізде 228 мәслихатқа 3 447 депутат сайланады. Оның ішінде 20 облыстық мәслихатқа – 668, 38 қалалық мәслихатқа – 626 және 170 аудандық мәслихатқа 2 153 депутат мандаты бөлінген.
Сайлау жаңартылған заңнама талаптарына сәйкес өтеді. Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарындағы депутаттардың жартысы партиялық тізім бойынша, қалған бөлігі бірмандаттық округтер арқылы сайланады. Ал аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттарында депутаттар бірмандаттық округтер бойынша анықталады. Бұл сайлаушыларға өздері танитын және мүдделерін қорғай алады деп сенетін нақты кандидатқа дауыс беруге мүмкіндік береді.
Бірмандаттық округтерде кандидаттарды саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсына алады. Сонымен қатар азаматтардың өзін-өзі ұсыну құқығы сақталған. Заң бойынша мәслихат депутаты болып 20 жасқа толған Қазақстан азаматы сайлана алады. Партиялық тізімдерде әйелдер мен жастардың жиынтық үлесі кемінде 30 пайыз болуы тиіс.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, қазіргі уақытта сайлауға қатысуға жеті саяси партия жіберілген. Ел бойынша 11 мыңға жуық кандидат тіркелген. Бұл сайлаушыларға таңдау мүмкіндігін кеңейтіп, партиялар мен үміткерлер арасындағы бәсекелестікті арттырады.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәслихат сайлауын елдегі саяси жаңғыру үдерісінің маңызды кезеңі ретінде атап өтті. Биыл жаңа Конституция бойынша референдум өтіп, бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының сайлауы ұйымдастырылды. Енді мәслихаттар сайлауы өкілді билік жүйесін жергілікті деңгейде жаңарту үдерісін аяқтайды.
Сайлауға дайындық жұмыстары да жалғасып жатыр. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері еліміздің 20 өңірін аралап, 100-ден астам сайлау учаскесіне барған және 21 оқыту семинарын өткізген. Оған сайлау комиссияларының 3 382 мүшесі қатысты. Жалпы сайлау комиссиялары жүйесінде 86 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олардың барлығы дауыс беру рәсімдерін ұйымдастыру, заң талаптарын сақтау және сайлау үдерісіне қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау бойынша арнайы даярлықтан өтуде.
Тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстары да бірнеше бағытта жүргізілуде. Республикалық және өңірлік телеарналарда, радиостанцияларда, баспасөз басылымдары мен интернет-ресурстарда ақпараттық материалдар жарияланып жатыр. Азаматтар GOV.KZ порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы өздерінің сайлау учаскесін анықтай алады. Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының сайтында «Sailau AI» жасанды интеллект көмекшісі жұмыс істейді.
Сайлауалды үгіт-насихат 28 қараша күні сағат 00:00-де аяқталады. Бұл күн – тыныштық күні. Ал дауыс беру 29 қарашада сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Сайлау қорытындылары бес күн ішінде жариялануы тиіс.
Мәслихат сайлауы – азаматтардың жергілікті басқару ісіне қатысуының маңызды тетігі. Депутаттар тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын ескеріп, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді шешуге ықпал етеді. Сондықтан сайлаушылардың белсенділігі мен саналы таңдауы жергілікті өкілді органдардың жұмысына тікелей әсер етеді.