Конституциялық комиссияның екінші отырысында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды кезең-кезеңмен талқылау басталды. Отырыстың барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева бірінші отырыс қорытындысы бойынша дайындалған салыстырмалы кестені таныстырып, Преамбула мен 1–39 баптарды жүйелі түрде қарауды ұсынды, деп хабарлайды SKO24.kz.
Ұсынылған өзгертулер конституциялық құрылымның негіздерін нақтылау және нығайтуға, нормалардың құқықтық анықтығын арттыруға, сондай-ақ құқық қорғау механизмдерін күшейтуге бағытталғаны айтылды. Арнайы назар Преамбуланың мән-мағынасына және қазіргі әлеуметтік үрдістерді ескере отырып, конституциялық нормаларды жаңарту қажеттілігіне аударылды.
«Конституцияның Преамбуласы — бұл тек кіріспе емес, Негізгі заңның идеялық-моральдық өзегі, мақсатты айқындайтын және мемлекеттің даму бағытын белгілейтін негізгі бағдар», — деді Снежанна Имашева.
Одан кейінгі талқылау Конституцияның I және II бөлімдеріндегі нормаларға қатысты болды, соның ішінде құқықтық және зайырлы мемлекет принциптерін бекіту, адам қадір-құқығын, өмір сүру құқығын, жеке еркіндік пен тұлғаның қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ жеке өмір мен жеке деректерді қорғау мәселелері қаралды. Сонымен қатар конституциялық принциптердің нормативтік мәртебесін күшейту және олардың практикалық қолданылуын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар талқыланды.
«Ұсынылып отырған өзгерістер конституциялық нормалардың қолданылу тиімділігін арттыруға және олардың түсіндірілуіне біртұтас тәсіл қалыптастыруға бағытталған», — деп айтылды отырыс барысында.
Сонымен қатар, адами капиталды, білім беруді, ғылым мен мәдениетті дамыту, әлеуметтік кепілдіктерді күшейту, қоршаған ортаны қорғау және отбасының құқықтарын сақтау сияқты бастамалар қаралды. Ұсыныстарды қарау кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады және Конституциялық комиссияның келесі отырыстарында жалғасады.