Республика күні қарсаңында Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімі өтті. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысының екі азаматы жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды, деп хабарлайды SKO24.kz.
Есіл ауданындағы «Азия-Тарангул» ЖШС басшысы Петр Федорович Гольцер «Парасат» орденімен марапатталды. Ол ауыл шаруашылығы саласында 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде қажырлы еңбегімен және елге деген қамқорлығымен туған өлкенің өркендеуіне елеулі үлес қосты.
Сондай-ақ Шал ақын ауданындағы «Пустыльников» шаруа қожалығының механизаторы Сергей Николаевич Пустыльников III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Оның жалпы еңбек өтілі 47 жылдан асады. Соның 29 жылын ауыл шаруашылығы саласына арнаған тәжірибелі маман өз ісіне адалдығымен және еңбекқорлығымен ерекшеленеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сергей Пустыльниковтың жемісті еңбегін, өз ісіне адалдығын және жинақтаған мол тәжірибесін кейінгі буынға үйретіп жүргенін ерекше атап өтті.
Мемлекеттік марапаттар — ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға көрсетілген құрмет. Республика күні қарсаңында марапатқа ие болған солтүстікқазақстандық еңбек майталмандарының жетістігі адал еңбектің лайықты бағаланатынын тағы бір мәрте айқындайды.