Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2026 жылдың 10 айында сауда қызметі саласындағы заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген мемлекеттік бақылау жұмысының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды SKO24.kz.
2026 және 2025 жылдардағы көрсеткіштерге жүргізілген салыстырмалы талдау бақылау жұмысының күшейгенін, қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі артқанын және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағаларын тұрақтандыру бағытында оң динамика қалыптасқанын көрсетеді.
Жүргізілген жұмыстың негізгі нәтижелерінің бірі – ӘМАТ бағасының өсу қарқынының бәсеңдеуі. Атап айтқанда, 2026 жылдың 10 айында баға индексі 102%-ды құраса, 2025 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 108,4%-ға жеткен. Осылайша, бағаның өсу қарқыны 6,4 пайыздық тармаққа бәсеңдеді.
Қол жеткізілген нәтижелер көбіне сауда үстемесінің шекті мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды күшейтуге, бағаларға мониторинг жүргізуге, құқық бұзушылықтарды анықтауға және тиісті әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдауға байланысты.
Мәселен, 2026 жылдың 10 айында Департамент 133 әкімшілік шара қабылдады. Бұл 90 шара қабылданған 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,8%-ға көп.
Анықталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі ӘМАТ-қа белгіленген сауда үстемесі мөлшерінің асып кетуіне байланысты. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4-бабы бойынша әкімшілік шаралар саны 85-тен 126-ға дейін, яғни 48,2%-ға артты.
Сонымен қатар салынған айыппұлдардың сомасы айтарлықтай өсті. Егер 2025 жылдың 10 айында айыппұлдардың жалпы сомасы 1,92 млн теңгені құраса, 2026 жылдың сәйкес кезеңінде ол 7,26 млн теңгеге жетіп, шамамен 2,8 есеге ұлғайды. Оның ішінде 204-4-бап бойынша айыппұл сомасы өткен жылғы 1,78 млн теңгемен салыстырғанда 7,17 млн теңгені құрады.
Азық-түлік тауарларының түпкілікті құны тауар қозғалысының бүкіл тізбегіне байланысты қалыптасатындықтан, тек бөлшек сауда буынын ғана емес, көтерме жеткізушілерді де бақылауға ерекше көңіл бөлінуде.
Мәселен, 2026 жылы әкімшілік жауаптылыққа тартылған көтерме жеткізушілер саны 15-тен 56-ға, сауда желілерінің саны 8-ден 13-ке дейін өсті. Ал үй маңындағы дүкендерде анықталған құқық бұзушылықтар саны 62-ден 57-ге дейін азайды.
Бұдан бөлек, Департамент азық-түлік тауарларын жеткізу кезінде сыйақы төлеуге қатысты заңнама талаптарының сақталуын бақылайды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-3-бабы бойынша 2026 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу кезінде белгіленген сыйақы мөлшерінен асыруға немесе оны заңсыз талап етуге байланысты 3 құқық бұзушылық фактісі анықталды.
Бұл бағыттың маңызы ерекше, өйткені жеткізу тізбегіндегі негізсіз сыйақылар мен қосымша төлемдер азық-түлік тауарларының түпкілікті құнын арттыруға алғышарт жасап, тұтынушыларға қосымша қаржылық ауыртпалық түсіруі мүмкін.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәсіпкерлік субъектілері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ бағаларды тұрақтандыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау маңызды бағыттардың бірі болып қала береді.
Осылайша, 2026 жылдың 10 айындағы салыстырмалы көрсеткіштер Департамент жұмысындағы оң өзгерістерді көрсетеді: мемлекеттік бақылау күшейтілді, анықталған құқық бұзушылықтар мен қабылданған әкімшілік шаралар саны артты, сауда субъектілерінің жауапкершілігі күшейді, ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны едәуір бәсеңдеді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады. Департаменттің негізгі міндеті – сауда заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сауда үстемелерін негізсіз арттыру мен сыйақыларды заңсыз талап ету фактілерінің жолын кесу, жосықсыз делдалдық схемаларды анықтау және өңір тұрғындарының мүддесі үшін азық-түлік тауарларына әділ баға қалыптастыруға жағдай жасау.