Қазақстан жаңа саяси кезеңге қадам басқалы отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сайлауы қарсаңында жасаған үндеуінде алдағы саяси науқанның ел болашағы үшін тарихи маңызын атап өтті, деп хабарлайды SKO24.kz.
Президенттің айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда ауқымды реформалар жүзеге асырылып, елдің даму бағыты өзгерді. Алдағы сайлау осы өзгерістерді жалғастырып, Қазақстанның саяси жүйесінде жаңа кезеңнің басталуына жол ашуы тиіс.
«Бұл сайлау халқымыздың игілігіне қызмет ететін тың реформаларға бастау болып, қазіргі Қазақстан жылнамасындағы жаңа кезеңге жол ашады. Құрылтайға кәсіби мамандар мен отаншыл азаматтар сайланады деп кәміл сенемін. Құрылтай әр алуан көзқарас пен ұлт келешегі жолындағы ұмтылыстар тоғысатын біртұтас алаң болуға тиіс. Осылайша, Құрылтай ел жаңғыруына тың серпін беретін құрылымға айналмақ», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы сайлауалды науқанның ашық әрі бәсекелі өткенін атап өтті. Партиялар өз бағдарламаларын таныстырып, сайлаушылармен кездесулер өткізді. Жалпыұлттық теледебаттар мен әлеуметтік желілердегі пікірталастар барысында экономикадан бастап мәдениетке дейінгі түрлі мәселелер көтерілді.
Тоқаев қоғамдық пікірталасқа жастардың, кәсіпкерлердің және кәсіби қауымдастық өкілдерінің белсенді қатысқанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл елдегі саяси мәдениеттің артып, азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне белсенді араласа бастағанын көрсетеді.
Президент Қазақстанның «Заң мен Тәртіп» қағидаты үстемдік ететін, халық үніне құлақ асатын мемлекет құру бағытын жалғастыратынын айтты. Сонымен қатар қазіргі геосаяси жағдай күрделеніп отырғанына қарамастан, ел өзінің даму бағытын сақтап, ұлттық стратегияны жүзеге асыруы қажет екенін жеткізді.
«Біз геосаяси шиеленіс ширығып, жаһандық сын-қатерлер күшейе түскен кезеңде бет алған бағытымыздан таймай, тек алға қарай жүруіміз қажет. Қазақстанды әлемдегі нағыз озық мемлекеттердің қатарына қосу үшін ауқымды жұмыс атқаруымыз керек, яғни ұлттық стратегиямызды табысты жүзеге асыруымыз қажет. Еліміздің келешегі әр азаматтың саналы таңдауына байланысты болмақ», – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды. Әсіресе жастардың ел тағдырына жауапкершілікпен қарап, Қазақстанның болашағына үлес қосуы маңызды екенін атап өтті.