Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапары аясында Бельгияда білім алып, еңбек етіп жүрген қазақстандықтармен кездесті, деп хабарлайды SKO24.kz.
Кездесу барысында Президент отандастарын жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтап, оның ел үшін тарихи маңызын атап өтті.
«Жалпыхалықтық референдумда халқымыз біртұтас ел ретінде Конституцияны қолдады. Бұл – айрықша маңызы бар құжат. 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Ата заңымыз халқымыз үшін темірқазық болады. Баршаңызды жаңа Конституцияның қабылдануымен шын жүректен құттықтаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент сондай-ақ шетелде білім алып, еңбек етіп жүрген жастарға қолдау білдіріп, Қазақстанға білімді, бәсекеге қабілетті әрі көзі ашық жас буын қажет екенін айтты.
«Елімізге сіздер сияқты білімді, көкірегі ояу жастар керек. Қай жерде жүрсеңіздер де, қазақ болып қаласыздар. Біз озық, дамыған әрі әділетті ел болуымыз керек. Ондай мемлекетті қалыптастыру үшін бәріміз бір ел, бір халық болып еңбек етуіміз қажет», – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияда білім, ғылым және инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде айқындалғанын атап өтті. Сонымен қатар жастарды бірнеше шет тілін меңгеруге шақырды.
Кездесу барысында отандастарымыз оқу мен жұмыстағы жетістіктері және алдағы жоспарлары туралы айтып берді. Атап айтқанда, KU Leuven университетінің 3-курс студенті Әлім-Сері Махамбәтәлі Бельгиядағы қазақстандық студенттер қауымдастығының қызметі жөнінде баяндаса, Аружан Болатбекова Брюссельдегі Kazakh Speaking Club жұмысы туралы айтты.
Кездесу соңында Президент Бельгияда тұратын студенттер мен Қазақстан азаматтарына табыс тіледі.