«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң азаматтардың конституциялық бақылауға қолжетімділігін кеңейтуге және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқық қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды SKO24.kz.
Аталған заң конституциялық деңгейде Уәкіл қызметінің мақсаттары мен міндеттерін, оның құқықтық мәртебесі мен құзыретін айқындайды.
Қазақстандағы Омбудсмен институты соңғы жылдары елеулі трансформациядан өтіп, консультативтік органнан конституциялық мәртебесі бар пәрменді құқық қорғау тетігіне айналды. Қазіргі уақытта бұл рөл жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалар аясында одан әрі кеңейіп келеді.
Омбудсменнің басты міндеті – бұзылған адам құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын ынталандыру және ілгерілету.
Омбудсменнің қызметі бірнеше маңызды бағыттарды қамтиды. Әрине, ол азаматтардың мемлекеттік органдар мен ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты өтініштері мен шағымдарын қарайды. Уәкіл кез келген ақпаратты сұратуға, ұйымдар мен мекемелерге кедергісіз баруға құқылы.
Қоғамнан уақытша оқшауланған азаматтардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасайды, олардың азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жаза түрлерінің алдын алу жөніндегі жұмысын үйлестіреді. ҰАТ топтары объектілерге кенеттен тексерулер жүргізеді.
2026 жылы Омбудсменнің рөлі Конституциялық реформа жөніндегі комиссия жұмысына қатысуы, Негізгі заңдағы құқық қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар енгізуі және ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру арқылы одан әрі күшейтілді.