2026 жылғы 22 шілдедегі жағдай бойынша, есепті апта қорытындысында Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді, деп хабарлайды SKO24.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Бағасы ең көп төмендеген өнім  қиярдың бағасы 4,3% арзандады. Сонымен қатар қырыққабат (1,5%), картоп (1,4%), қызанақ (0,8%), алма (0,7%), пияз (0,4%), сүзбе (0,3%), күріш, қарақұмық жармасы, қатты және жартылай қатты ірімшік, тұз (0,1%) бойынша бағалардың төмендеуі байқалды.
Есепті аптада бірінші сұрыпты бидай ұны, бірінші сұрыпты бидай ұнынан дайындалған нан, сүт (пастерленген, ультрапастерленген, 2,2%-дан 6% дейінгі майлылықтағы стерильденген сүт), қаймақ және сары май бағасы өзгеріссіз қалды.
Өңірлік бөліністе еліміздің бірқатар қалаларында дефляциялық динамика байқалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі бір апта ішінде Қонаев, Өскемен және Талдықорған қалаларында 0,4%, Ақтөбе қаласында 0,2%, Алматы, Ақтау, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Орал және Түркістан қалаларында 0,1% төмендеді. Астана, Жезқазған, Қарағанды, Петропавл, Семей және Тараз қалаларында бағалар өткен апта деңгейінде сақталды.
Республика бойынша қиярдың орташа бағасы килограмына 502 теңгені құрады. Ең төмен баға Тараз қаласында тіркелді – килограмы 339 теңге.
Тазартылған күріштің орташа республикалық бағасы килограмына 533 теңге деңгейінде қалыптасты. Ең қолжетімді бағалар Қызылорда қаласында – 456 теңге және Ақтау қаласында – 472 теңге болды.
Еліміз бойынша картоптың орташа бағасы килограмына 283 теңгені құрады. Ең төмен баға Түркістан қаласында тіркелді – килограмы 218 теңге.
Республика бойынша I санаттағы 10 жұмыртқаның орташа бағасы 564 теңгені құрады. Ең төмен бағалар Қызылорда қаласында (464 теңге) және Орал қаласында (471 теңге) байқалды.
Ет өнімдері бойынша республикадағы орташа бағалар: сүйекті сиыр еті – килограмына 3 775 теңге, тауық еті – килограмына 1 758 теңге.