Қазақстандықтардың басым бөлігі негізгі мемлекеттік институттарға сенім білдіреді және елдегі жағдайды оң бағалайды. Бұл Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген 2026 жылдың III тоқсанындағы қоғамдық-саяси жағдайдың негізгі индикаторлары бойынша зерттеу нәтижелерімен расталады, деп хабарлайды SKO24.kz.
Ел Президентіне деген сенім деңгейі өсіп келеді – 86,7%. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3 пайыздық тармаққа өскен.
Сенімнің жоғары деңгейі, негізінен, іске асырылып жатқан өзгерістердің қоғам назарында болуымен байланысты. Респонденттердің 65,8%-ы Президенттің бастамалары туралы ақпаратты тұрақты түрде немесе оқтын-оқтын алып тұрады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірқатар бастамалары, оның ішінде өткен жылы Қазақстан халқына Жолдауында айтылып, қазіргі уақытта іс жүзінде іске асырылып жатқан бастамалары азаматтар тарапынан қолдау тауып отыр.
Үшінші тоқсан қорытындысы бойынша ең көп қолдау тапқан үш бастаманың қатарына бір палаталы Құрылтайға көшу, 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау, сондай-ақ «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім алуға арналған қаражатты есептеу және пайдалану бастамалары кірді.
Технологиялық даму, атом энергетикасы, білім мен ғылым салаларындағы, сондай-ақ «Таза Қазақстан» аясында іске асырылып жатқан бастамалар айтарлықтай қоғамдық қызығушылық тудырып отыр.
Осылайша, қолдаудың жоғары деңгейі ел дамуының жалпы бағытына ғана емес, институционалдық құрылымға, жаңа технологияларға, адами капиталға және азаматтардың өмір сүру сапасына қатысты нақты шешімдерге де қатысты болып отыр.
Жалпы алғанда, III тоқсанның нәтижелері мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейінің тұрақты сақталғанын және елдегі ахуалдың негізінен оң қабылданатынын көрсетеді.