Ұйымдастырушылық мәселелер қаралғаннан кейін «Әділет» партиясының кезектен тыс III съезінің делегаттары Сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарын талқылап, Қазақстан Республикасы Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті, деп хабарлайды SKO24.kz.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – мазмұны мен басты басымдықтары жаңартылған партияның Сайлауалды бағдарламасын бекіту болды. Құжат сегіз негізгі бағыттан тұрады. Оларды партияның Саяси кеңесінің мүшелері жан-жақты таныстырды.
Бағдат Мусин цифрлық мемлекетті дамытуға арналған бастамаларды ұсынды. Замира Кузиева өңірлерді дамыту мәселелеріне тоқталды. Ренат Бектұров әділетті экономиканы қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарын таныстырды. Динара Зәкиева әлеуметтік саясат бағытын ұсынды. Лаура Қарабасова адами капиталды дамыту мәселелеріне тоқталды. Қарлығаш Жаманқұлова мәдениет саласына қатысты бастамаларды таныстырса, Ирина Тен экология саласындағы ұсыныстарын ортаға салды.
Талқылауды қорытындылаған партия төрағасы Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының Сайлауалды бағдарламасы ауқымды сараптамалық және қоғамдық жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті.
«Бүгін бекітілген партияның Сайлауалды бағдарламасы кабинетте отырып жазылған жоқ. Оның негізіне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың стратегиялық бастамалары, әлеуметтік зерттеулердің қорытындылары, «Әділет» партиясы өткізген көптеген стратегиялық талқылаулардың нәтижелері, сондай-ақ азаматтардың ұсыныс-пікірлері мен жетекші сарапшылардың ұсынымдары арқау болды», – деді Айбек Дәдебай.
Оның айтуынша, құжат алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындап қана қоймай, бүгінде қоғам үшін ең өзекті мәселелерді шешудің нақты тетіктерін де ұсынады.
«Біздің бағдарламаның басты ерекшелігі – оның мемлекеттік аппараттың емес, азаматтардың мүддесіне негізделуінде. Бағдарламаның әрбір бөлімінің өзегінде нақты адам, оның тұрмыс-тіршілігі, мүддесі, үміті мен қажеттілігі жатыр», – деді партия төрағасы.
Сөзін қорытындылаған Айбек Дәдебай Сайлауалды бағдарлама бекітілгеннен кейін партияның сайлау науқанына дайындықтың келесі кезеңіне кірісетінін айтты. Ендігі негізгі назар өңірлердегі азаматтармен жұмыс жүргізуге және бағдарламаның негізгі ережелерін кеңінен түсіндіруге бағытталады.
«Жаңа Конституция Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Енді маңыздысы – сол мүмкіндіктерді қалай пайдалана алатынымыз. Елді өзгертетін – адамдар: олардың идеялары, жауапкершілігі, адал еңбегі және халқына қызмет етуге деген даярлығы. Бүгін біз алдағы сайлауда «Әділет» партиясының атынан түсетін, осы жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын кандидаттар тобын бекіттік. Сіздермен бірге ел игілігі жолында еңбек етуге дайын пікірлес азаматтардың біртұтас командасын жасақтадық. Олар уәде берумен ғана шектелмейді. Кінәліні іздемейді. Өткенмен өмір сүрмейді. Болашақты бірге құрады», – деп түйіндеді Айбек Дәдебай.
Күн тәртібіндегі жеке мәселе ретінде Қазақстан Республикасы Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді. Съезд ұсынылған кандидаттарды қолдап, олардың алдағы реформаларды іске асыруда ел ішіндегі негізгі жаршылардың бірі болатынына сенім білдірді.
«Әділет» партиясы 186 кандидаттан тұратын ең ауқымды партиялық тізімді ұсынды. Оның құрамына ғылым, білім, бизнес, өнеркәсіп, цифрлық технологиялар, мәдениет, спорт және азаматтық қоғам өкілдері енді.
Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімімен осы жерде таныса аласыз.