Қазақстан Республикасы Президентінің бүгінгі Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, экономиканы дамыту және бірқатар маңызды саланы өркендету мәселелері көтерілді. Мемлекет басшысы Үкімет пен Парламент алдына нақты міндеттер қойып, әр сала бойынша алдағы басымдықтарға тоқталды, деп хабарлайды SKO24.kz.
Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, еңбек ардагері Ескендір Елеусізов өз пікірін білдірді.
Оның айтуынша, Жолдауда көтерілген мәселелер елдің болашақ дамуы үшін маңызды. Әсіресе, Қазақстанның ірі көлік-транзиттік хабқа айналу әлеуетіне ерекше назар аударылған.
«Қазақстанның үлкен жол айрығында тұрғанын ескерсек, көлік-логистика саласын дамыту – уақыт талабы. Мәселен, Көкшетау мен Петропавл арасындағы жолды төрт жолақты етіп кеңейту мәселесі де маңызды. Ресеймен шекаралас орналасқан өңір ретінде транзиттік бағыттарды дамытуға және көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасауға басымдық беруіміз керек», – деді Ескендір Елеусізов.
Сонымен қатар ол ауыл шаруашылығын қолдау шараларының маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, шаруаларға уақытылы несие беру және мемлекеттік қолдау көрсету биылғы өнім көлемінің артуына оң ықпал еткен.
«Ауыл шаруашылығының дамуы – тек өнім көлемімен өлшенбейді. Бұл – жаңа жұмыс орындары, салық түсімдері және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде шаруашылықтар жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр», – деп атап өтті ол.
Сондай-ақ сұхбат барысында энергетика саласындағы өзекті мәселелер де сөз болды. Спикер электр энергиясына деген сұраныстың жыл сайын артып келе жатқанын, әсіресе қыс мезгіліндегі жүктеме кезеңінде энергия тапшылығы сезілетінін айтты. Осы ретте жаңартылатын энергия көздерін дамыту және атом электр станциясының құрылысын жеделдету мәселелерінің маңыздылығына тоқталды.
Ескендір Елеусізовтің пікірінше, Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет пен жауапты органдарға жүйелі жұмыс жүргізу қажет. Ал қойылған мақсаттардың орындалуы ел экономикасының нығаюына және халықтың тұрмыс сапасының жақсаруына мүмкіндік береді.