Елордада сайлау стратегиялары талқыланып жатқан тұста, өңірлерде ветеринариялық станциялар, аяқкиім фабрикалары мен тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау сияқты күнделікті мәселелерге толы өмір жалғасуда. Құрылтай депутаттығына кандидаттардың қай өңірлерге барып, тұрғындармен қандай мәселелерді талқылағанына шолу жасаймыз, деп хабарлайды SKO24.kz.
«Әділет» партиясы студенттермен, оқытушылармен, кәсіпкерлермен және креативті индустрия өкілдерімен тікелей диалогқа басымдық берді. Қостанай облысының Боровское ауылында кандидат Еділ Хамза жергілікті тұрғындармен кездесіп, өңір үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал Батыс Қазақстан облысында тұрғындар, кәсіпкерлер, шығармашылық сала өкілдері, жастар мен еңбек ұжымдарымен кездесулер өтті. Онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері сөз болды.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу мәселелерін талқылады. Бұл тақырыптар ауқымды саяси мәлімдемелерден гөрі қарапайым көрінгенімен, әрбір тұрғынның өміріне тікелей қатысты. Іс-шараға экологтер, мүлік иелері бірлестіктерінің өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Сонымен қатар Құрылтай депутаттығына кандидат Анаргүл Әбенова жер үлесі иелерімен кездесіп, жер қатынастарына қатысты мәселелерді талқылады.
«Байтақ» партиясы әртүрлі өңірлерде экологиялық ұйымдар мен кәсіпорындар өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіп, табиғатты қорғау саласының сарапшыларының қатысуымен талқылау ұйымдастырды. Партияның күн тәртібіне қарағанда, қоршаған ортаны қорғау мәселесі басты назарда қалып отыр.
Қазақстанның Халық партиясы әлеуметтік саясат мәселелерін күн тәртібіне шығарды. Астанада кандидаттар Ләззат Ақтаева мен Нұржан Бияқаев қалалық жедел медициналық жәрдем станциясына барып, дәрігерлер мен фельдшерлермен кадр тапшылығы, еңбек жағдайы және шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Кездесу барысында жедел жәрдем қызметінің жұмысы, кадрлық қамтамасыз ету, медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайы және шұғыл медициналық көмек көрсету жүйесі сөз болды.
«Ауыл» партиясының өкілдері партия төрағасы Қайрат Айтуғановтың бастауымен Солтүстік Қазақстан облыстық ветеринария басқармасының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында ветеринариялық қызметтің жұмысы мен саланың өзекті мәселелері талқыланды.
«Ақ жол» демократиялық партиясы өндіріс орындарын аралау бағытын таңдады. Таразда партия төрағасы Дания Еспаева «ТаразКожОбувь» кәсіпорнына барып, өндіріс цехында жұмысшылармен кездесті. Ал Атырауда кандидат Ермекқали Юсупов ITC WEST логистикалық орталығында болды. Еңбек ұжымдарымен кездесулер Жамбыл, Атырау, Ұлытау облыстарында, Қостанай мен Шымкентте де өтті. Партия өкілдері еліміздің өзге өңірлерінде де тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастырды. Сонымен қатар «Ақ жол» кандидаттары Respublica партиясы өкілдерінің мәлімдемесіне пікір білдірді. Мәжілістің бұрынғы депутаты Меруерт Қазбекова экс-депутат Олжас Көпбековтің депутаттық сауалдарға қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді.
Respublica партиясы төрағасының орынбасары Жанат Ысқақов ТМД халықаралық байқаушылар миссиясының өкілдерімен кездесті. Тараптар сайлау науқанына дайындықты, сайлауалды штабтың жұмысын, үгіт-насихат жүргізу ерекшеліктерін, цифрлық платформаларды пайдалануды, сондай-ақ партиялық тізімді жасау мен кандидаттарды іріктеу мәселелерін талқылады. Халықаралық байқаушылар миссиясының өкілдері өз кезегінде жұмыстың қағидаттары мен әдістері туралы айтып берді. Түркістанда партия басшылығының, Құрылтай депутаттығына кандидаттардың және партия жақтастарының қатысуымен форум өтті. Форум барысында әлеуметтік-экономикалық күн тәртібі, заңнама және өзге де мәселелер талқыланып, партия өкілдері қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров Қазақстанның Халық партиясының бұрынғы төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың мәлімдемесіне пікір білдіріп, партияның бұл мәселеге қатысты бұдан әрі жария пікірталасқа қатыспайтынын айтты.
Осылайша, партиялар өздерінің дәстүрлі бағыттары бойынша жұмысын жалғастырып жатыр. Бірі экология мен әлеуметтік сала мәселелеріне басымдық берсе, енді бірі өндіріс орындары мен өңірлерде халықпен тікелей кездесулер өткізуге назар аударды. Сонымен қатар сайлау науқанының тағы бір қыры – партиялардың бір-бірін сынауы, қарсы тараптың мәлімдемелеріне жауап беруі және өз ұстанымдарының ара-жігін айқындауға ұмтылысы қатар жалғасып жатыр.