10 тамызда Петропавл қаласында және Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарында кезекті ауқымды «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты есірткіге қарсы акция өтті, деп хабарлайды SKO24.kz.
Алдын алу рейдіне прокуратура, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, жастар ұйымдары мен волонтерлер қатысты.
Өткен акцияның негізгі бағыты – кәмелетке толмағандардың есірткіге тәуелділігінің алдын алу және жасөспірімдердің интернет арқылы тыйым салынған заттарды сатуға тартылуына жол бермеу.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында облыстың барлық білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарларына арнайы нұсқаулықтар өткізілді. Педагогтерге жастарды қылмыстық бизнеске тартудың заманауи тәсілдері, олардың негізгі белгілері мен қауіп-қатері, сондай-ақ осындай фактілер анықталған жағдайда жедел әрекет ету алгоритмі түсіндірілді.
Солтүстік Қазақстан облысында профилактикалық және жедел жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Құқық қорғау органдары мен қоғам белсенділері есірткінің көшедегі жарнамасымен қатар, оны таратудың цифрлық арналарына да тұрақты түрде қарсы күрес жүргізіп келеді.
• Соңғы екі жылда есірткі сататын интернет-дүкендердің мекенжайлары көрсетілген 2 мыңнан астам граффити жазуы анықталып, өшірілді.
• Заңсыз есірткі сатуды насихаттайтын 1,5 мыңнан астам интернет-ресурс бұғатталып, оларға қолжетімділік шектелді.
Есірткі қылмысына қатысты қаржылық ағындарды тоқтатуға ерекше көңіл бөлінуде. Прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдары интернет-дүкендер арқылы есеп айырысу үшін пайдаланылған 2 мыңнан астам банк шотын бұғаттады. Бұл шоттардағы жалпы сомасы 60 миллион теңгеден асатын қаражатқа тыйым салынды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы – ведомствоаралық жүйелі жұмыстың бір ғана кезеңі. Өңірде қауіпті контентті анықтау, көшелерді есірткі жарнамасынан тазарту және есірткі бизнесінің қаржылық арналарын жою жұмыстары тұрақты түрде жалғаса береді.