Қауіпсіз әрі таза қалалық орта тек коммуналдық қызметтердің жұмысына ғана емес, тұрғындардың өздері тұратын жерге деген жауапкершілігіне де байланысты. Бүгінде Петропавлдың әртүрлі бөліктерінде есірткі жарнамалайтын граффитилер мен вандализм іздерін кездестіруге болады. «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында қала жастары көшелерге шығып, қауіпті жазуларды анықтап, оларды бояп өшірді, деп хабарлайды SKO24.kz.
Акцияға қалалық Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен еріктілері қатысты. Олар Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитаны Попова Зарина Саудановнамен бірге қала көшелерін, гараж аумақтарын және оларға іргелес жерлерді аралады. Рейд барысында қатысушылар есірткі жарнамалайтын граффитилер мен басқа да заңсыз жазуларды анықтап, оларды бояп өшірді.
Сондай-ақ рейд кезінде жастар Telegram-дағы тыйым салынған арнаға сілтемені анықтады. Онда жастарға «закладчик» болуға ұсыныс жасалған. Ақпарат құқық қорғау органдарына беріліп, кейін аталған арна бұғатталды. Полиция қызметкерлері есірткі заттарын таратудың қылмыстық құқық бұзушылық болып саналатынын және заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.
Мұндай акциялар қалалық ортаның тазалығы мен тәртібін сақтауға ғана емес, тұрғындардың көшелерде заңсыз жазулардың пайда болу мәселесіне назарын аударуға да мүмкіндік береді.
Айта кетейік, осы айда Қазақстан Президенті де аталған мәселені көтерген болатын. Ол қоғамдық ғимараттардың қабырғаларын «граффити» деп аталатын жазулармен бүлдіруге тырысатын адамдарға қатысты қатаң шаралар қабылдауды тапсырды. Мемлекет басшысы Қазақстан қалаларында бұған жол беруге болмайтынын атап өтті. Оның пікірінше, бүкіл әлемдегі муниципалдық аумақтардың көркін бұзатын мұндай «шығармашылыққа» толық тыйым салу үшін заңнамалық және нормативтік сипаттағы шаралар қабылдау қажет.