Әлеуметтік желілерде қоғамда алауыздықты қоздыруға бағытталған арандатушылық сипаттағы жарияланымдар мен пікірлердің таралу фактілері байқалуда, деп хабарлайды SKO24.kz.
Мұндай әрекеттерге мүлдем жол берілмейтінін және заңға сәйкес қатаң түрде қудаланатынын еске саламыз.
Мәселен, Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес алауыздықты қоздырғаны үшін жасалған іс-әрекеттің ауырлығына қарай 2 мыңнан 7 мың АЕК дейін айыппұл салу не 2 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі жаза көзделген.
Сонымен қатар Қазақстанда онлайн-платформаларда құқыққа қайшы контентті орналастыруға және таратуға тыйым салынған. Егер мұндай әрекеттерде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Таратылатын ақпараттың шынайылығын тексеруге ерекше назар аудару, сондай-ақ қоғамда алауыздық туғызуы мүмкін материалдарды жариялаудан және таратудан бас тарту қажет.
Жалған ақпаратты орналастырғаны және таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген.
Ал көрінеу жалған ақпарат таратқан жағдайда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылық қарастырылған.
Сондай-ақ мұндай жарияланымдардың авторлары ғана емес, оларды саналы түрде таратуға қатысқан адамдарға да құқықтық салдар туындайтынына назар аудартамыз.
Бас прокуратура азаматтарды арандатушылыққа ермеуге, тексерілмеген ақпаратты таратпауға, қоғамдық келісіммен азаматтар арасындағы өзара құрметке нұқсан келтіруі мүмкін жарияланымдар мен пікірлерден бас тартуға шақырады.
Қазақстан халқының бірлігі, өзара сыйластық пен қоғамдық келісім - еліміздің тұрақтылығының, қауіпсіздігінің және келешектегі дамуының берік негізі.
Құқық қорғау органдары «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қол сұғатын кез келген құқық бұзудың жолын кесіп, олардың алдын алу үшін заңда көзделген шараларды қабылдайтын болады.