2026 жылғы маусымда Қазақстан Республикасында 167 878 автокөлік құралы есепке қойылды. Бұл 2026 жылғы мамыр айымен (147 668 бірлік) салыстырғанда 13,7%-ға көп, деп хабарлайды SKO24.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Есепке қойылған автокөліктердің жалпы санының 87,4% жеңіл автомобильдер, 5,7% жүк автомобильдері, 2,4% тіркемелер, 1% мотоциклдер, 0,9% автобустар және 2,6% өзге де автокөлік құралдары құрады.
Маусым айында есепке қойылған көліктердің қозғалтқыш көлемі бойынша 34,5% 1500–2000 см³ аралығына тиесілі.
Пайдаланылатын отын түрлері бойынша: бензинмен жүретін – 136 232 көлік құралы (жалпы санының 81,1%), дизель отынымен жүретін – 10 845 көлік құралы (6,5%), газбен жүретін – 895 көлік құралы (0,5%), аралас отын түрін пайдаланатын – 11 183 көлік құралы (6,7%), электр қуатымен жүретін – 2 872 көлік құралы (1,7%), отын түрі көрсетілмеген – 5 851 көлік құралы.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 6 025,9 мың автокөлік тіркелген. Тіркелген автопарк құрылымында ең жоғары үлесті жеңіл автомобильдер құрайды – 5 053,7 мың бірлік (жалпы санының 83,9%). Одан кейін жүк автомобильдері – 493,7 мың бірлік (8,2%), тіркемелер – 262,3 мың бірлік (4,4%), автобустар – 89,5 мың бірлік (1,5%), мотоциклдер – 74,2 мың бірлік (1,2%) және өзге де көлік құралдары – 52,6 мың бірлік (0,9%).
Автокөлік паркінің ең көп бөлігі Алматы қаласында (733,3 мың бірлік) және Алматы облысында (646,3 мың бірлік) тіркелген.