Қостанай облысында еліміздегі ең ірі аграрлық іс-шаралардың бірі – «Qostanai Dala Festivali – 2026» өтіп жатыр. 30 шілде мен 1 тамыз аралығында ұйымдастырылған фестивальге Қазақстанның барлық өңірлерінен және шетелден 3 мыңнан астам адам қатысуда, деп хабарлайды SKO24.kz Қостанай облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына сілтеме жасап.
Ауқымды шара агроөнеркәсіп кешенінің жетістіктерін таныстырып, заманауи технологияларды насихаттауға, тәжірибе алмасуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған маңызды алаңға айналды.
31 шілдеде өткен «Jańa Dala / Green Day – 2026» қазақстандық дала күні демонстрациясының ресми ашылуына Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.
Салтанатты рәсім барысында агроөнеркәсіп кешенінің дамуына елеулі үлес қосқан үздік мамандар мен кәсіпорындар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. Сондай-ақ жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға сертификаттар табысталды.
Фестиваль қонақтарының ерекше қызығушылығын «Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС ұсынған демонстрациялық алқаптар тудырды. Мұнда отандық және шетелдік селекцияның перспективалы сорттары, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің заманауи технологиялары мен инновациялық әзірлемелер көрсетілді.
Іс-шара аясында ауыл шаруашылығы техникасы, жабдықтары және асыл тұқымды мал көрмесі ұйымдастырылып, жетекші қазақстандық және шетелдік компаниялар агросалаға арналған соңғы технологиялық шешімдерін таныстырды.
Фестиваль бағдарламасының маңызды бөліктерінің бірі – «Қазақстан Республикасының ветеринариялық қауіпсіздігінің қазіргі заманғы сын-қатерлері мен дамуы» тақырыбындағы Қазақстанның солтүстік облыстары ветеринариялық мамандарының II республикалық слеті. Басқосуда ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, саланы жетілдіру және озық тәжірибелерді енгізу мәселелері талқылануда.
1 тамызда фестиваль өз жұмысын жалғастырады. Қатысушылар үшін заманауи ауыл шаруашылығы техникасының далалық көрсетілімдері, инновациялық технологиялардың тұсаукесерлері, көрме экспозициялары, іскерлік кездесулер мен тақырыптық іс-шаралар жоспарланған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Qostanai Dala Festivali – 2026» агроөнеркәсіп кешені өкілдері арасындағы тәжірибе алмасуды жандандырып, жаңа технологияларды енгізуге және халықаралық әріптестікті нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар фестиваль Қостанай облысының еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте айқындай түсті.