Петропавл қаласының келбеті белсенді түрде өзгеріп келеді — қалада жаңа көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Көп жағдайда оларды салу үшін бұрын жеке тұрғын үйлер орналасқан аумақтар босатылады. 2026 жылдың басынан бері облыс орталығында мемлекеттік қажеттіліктер үшін онда орналасқан жылжымайтын мүлік нысандарымен бірге 89 жер учаскесі алынды, деп хабарлайды SKO24.kz.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта тағы 72 жер учаскесін алуды көздейтін 35 қаулы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл жер учаскелері әлеуметтік маңызы бар және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін қажет. Олардың қатарында тұрғын үйлер, автомобиль жолдары, жол өткелі, қорғаныс бөгеттері, сондай-ақ облыстық сот ғимаратын салу жобалары бар.
«Барлық рәсім заңнама талаптарына сәйкес жүргізіледі. Тәуелсіз бағалау жүргізілгеннен кейін меншік иелерімен келісу рәсімдері өткізіледі. Ақшалай өтемақы алу немесе соған тең абаттандырылған тұрғын үй алу қарастырылған», — деді Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің баспасөз хатшысы Бердімурат Баймұқанұлы.
Әкімдікте атап өткендей, өтемақы мүлік мемлекеттік меншікке өткенге дейін бюджет қаражаты есебінен толық көлемде төленеді.