Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Солтүстік Қазақстан облысының жас өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. 20 қарашада жыл сайын атап өтілетін Дүниежүзілік балаларды қорғау күні қарсаңында басқосуда кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, көмек алудың қолжетімді жолдары және қиын жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсетуге дайын ұйымдар туралы сөз қозғалды, бұл туралы SKO24.kz хабарлады.
Кездесудің басты мақсаты – балаларға өз құқықтары мен көмек алу тетіктері туралы ақпарат беріп қана қоймай, олардың пікірін тыңдау болды. Ұйымдастырушылар оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ой-пікірлерімен бөлісіп, бастамаларын ұсына алатын ашық алаң қалыптастыруды көздеді. Өйткені күнделікті өмірде қандай мәселелер назар аударуды қажет ететінін балалардың өздері жақсы біледі.
«Кездесуді Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы мен Бала құқықтарын қорғау басқармасы ұйымдастырды. Қатысушылар ретінде балалар бірлестіктерінің көшбасшыларын, мектеп парламенттерінің президенттерін және өңіріміздегі балалар өкілдігінің мүшелерін шақырдық. Аудандардың өкілдері Zoom платформасы арқылы онлайн қосылды. Әр мектепте президенттер мен балалар бірлестіктерінің көшбасшылары бар. Оларға балалардың өзін-өзі басқару жүйесін жандандыру міндеті жүктелген. Олар балалардың ой-пікірін жеткізуші болып табылады. Бүгін олар өз ұсыныстарын айтып, сұрақтарын қойып, бастамаларын ұсынады және алған ақпараттарын қатарластарына жеткізеді», – деді СҚО Білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Замзагүл Тұрлыбаева.
Балалармен әңгімелесуге Бала құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Мафруза Науанова да қатысты. Айта кетейік, ведомство биыл жазда жұмысын бастап, осы уақыт ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытында бірқатар жұмыс атқарған.
«Соңғы төрт айда бізге 80-нен астам өтініш түсті. Олардың әрқайсысы бойынша жеке жұмыс жүргізіп жатырмыз. Өтініштер буллингке, мұғалім мен бала, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасқа, сондай-ақ ата-аналар мен мектеп әкімшілігі арасындағы дауларға қатысты. Біздің ұйым бақылаушы емес, үйлестіруші орган екенін атап өткім келеді», – деді Мафруза Науанова.
Сондай-ақ Мафруза Тасболатқызы өз тәжірибесінен бірнеше мысал келтірді. Бір жағдайда көмек сұраған бала әкесінің анасына агрессия көрсетіп, қол көтеретінін айтқан. Баланың өзінен де суицидтік мінез-құлық белгілері байқалған. Мамандар өтінішке жедел әрекет етіп, қажетті көмек көрсеткен.
Тағы бір оқиға интернет-алаяқтық пен кәмелетке толмағандарға жасалатын психологиялық қысымның қаупіне қатысты болды.
«Қазір интернет-алаяқтықтың қауіпті екенін бәріңіз білесіздер. Жақында бір қызға қоңырау шалып, оған гүл шоғы жіберілгенін айтып, кейін SMS-кодты атауды сұраған. Қыз кодты айтқаннан кейін алаяқтар оның отбасы туралы ақпаратқа қол жеткізген. Үш күн бойы олар мектеп оқушысын бопсалаған. Анасы кәсіпкер болып жұмыс істеген. Ал қызға ата-анасының мемлекеттік қылмыскер екені айтылып, оларды құтқару үшін белгілі бір әрекеттер жасау керектігі жеткізілген. Қыз болған жағдайды немере әпкесіне айтып берген, ал ол бұл оқиғаны сыныптастарына жеткізген. Балалар бір нәрсенің дұрыс емес екенін түсініп, полицияға хабарласқан. Қызға көмек көрсетілді», – деді спикер.
Кәмелетке толмағандардың мәселелеріне уақытылы назар аударудың маңыздылығын СҚО бойынша ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Наталья Қожабекова да атап өтті. Оның айтуынша, мәселені дер кезінде байқап, мұқият әңгімелесу және дұрыс шешім қабылдау баланың тағдырына әсер етуі мүмкін. Әрбір бала зорлық-зомбылықсыз, қорқынышсыз, қорлаусыз және немқұрайлылықсыз балалық шақты өткізуге құқылы.
«Әрбір бала отбасының әлеуметтік жағдайына, денсаулық ахуалына және тұрғылықты жеріне қарамастан, қауіпсіз балалық шаққа, лайықты өмір сүру жағдайларына, білім алуға, медициналық көмекке, қамқорлық пен құрметке құқылы. Қазақстан Республикасында балалық шақты қорғаудың құқықтық негізі қалыптастырылған. Негізгі кепілдіктер Конституцияда бекітілген. 27-бапта неке мен отбасы, ана мен әке және балалық шақ мемлекеттің қорғауында екені нақты көрсетілген.
Балалардың құқықтарын қорғау барлық мүдделі құрылымдардың тығыз ынтымақтастығын талап етеді. Жұмысымыздың тиімділігі өткізілген іс-шаралар мен есептердің санымен емес, нақты нәтижелермен бағалануы тиіс. Ең басты нәтиже – баланың қауіпсіздікте болуы, білім алып, медициналық көмекке қол жеткізуі, дамуына мүмкіндік алуы және қиын жағдайда оған міндетті түрде көмек көрсетілетінін білуі. Кәмелетке толмағандардың мәселелеріне бейжай қарауға болмайды», – деді Наталья Кожабекова.
Кездесуге СҚО бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сауле Сұрағанова да қатысты. Жиын барысында оқушыларға да сөз беріліп, олар өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Балалар буллинг, ата-аналармен қарым-қатынас және өздерін толғандыратын басқа да мәселелерді көтерді.
Ұйымдастырушылар мұндай кездесулердің маңызы зор екенін атап өтті. Өйткені ашық диалог арқылы қазіргі балалардың тыныс-тіршілігін, оларды алаңдататын мәселелер мен кездесетін қиындықтарды жақсырақ түсінуге болады. Мұндай әңгімелер өскелең ұрпақтың пікірін тыңдауға ғана емес, олардың уайымы маңызды екенін және мәселелері назардан тыс қалмайтынын сезіндіруге мүмкіндік береді.
Әрбір бала қиындықпен жалғыз күресуге міндетті емес екенін білуі керек. Қажет болған жағдайда көмекке жүгініп, қолдау мен қорғаныс алуға болатын арнайы ұйымдар мен қызметтер бар.