Петропавл қаласының әкімдігі 2026 жылғы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының бірінші кезеңін жариялайды. Байқауға құрамында еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке (еріктілік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысатын отбасылар қатыса алады, деп хабарлайды SKO24.kz.
Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1.     ата-аналардың (қамқоршылардың, қорғаншылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2.     кәмелетке толмаған балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы жергілікті уәкілетті орган шешімінен үзінді көшірменің көшірмесі – асырап алған (қамқоршылықтағы) отбасылар үшін;
3.     некеге тұру туралы куәліктің көшірмесі;
4.     ата-ананың біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда);
5.     балаларды тәрбиелегені үшін берілген марапаттарды, белгілі бір жетістіктері үшін берілген мадақтауларды растайтын құжаттардың көшірмелері;
6.     заңды және (немесе) жеке тұлғалардан кемінде екі ұсыным хат;
7.     отбасы мүшелерінің еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері;
8.     қоғамдық пайдалы қызметке (еріктілік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда).
Байқауға қатысуға өтінімдер арнайы нысан бойынша қажетті құжаттар қоса тіркеліп, 2026 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында қалалық комиссияға мына мекенжай бойынша қабылданады: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 23, 408-кабинет, Петропавл қаласы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» КММ. Анықтама телефоны: 46-95-17, +7 705 169 6062.