Солтүстік Қазақстан облысында өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік пен заңға құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік іс-шара өтті. «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында облыс прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, оқушыларға қазақ халқының даңқты перзенті, әйгілі қолбасшы Бауыржан Момышұлына арналған спектакль ұсынды, деп хабарлайды SKO24.kz.
Тағылымы мол қойылымға Петропавл қаласының білім беру ұйымдарынан 500-ге жуық оқушы қатысты.
Спектакльдің басты мақсаты – жас ұрпаққа тарихи тұлғаның өмір жолы мен азаматтық ұстанымын таныстыра отырып, жастар арасында әділдік, тәртіп, еңбекқорлық және адамгершілік құндылықтарын дәріптеу. Бауыржан Момышұлының ерлігі мен қайсар мінезі, ел алдындағы жауапкершілігі бүгінгі ұрпақ үшін де үлкен өнеге екені айқын.
Қойылымнан кейін оқушылармен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында спектакльде көтерілген негізгі мәселелер талқыланып, тарихи тұлғалардың рухани мұрасының қазіргі қоғамдағы маңызына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ заңға бағынатын, өз ісіне жауапты әрі ел болашағына бейжай қарамайтын саналы азамат болып қалыптасудың маңыздылығы сөз болды.
Мұндай тәрбиелік іс-шаралар жастардың тарихи санасын қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандарға құқықтық, патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие беру бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырады.