Қазақстан Республикасының Конституциясы халықты мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы ретінде айқындайды. Азаматтар өз құқықтарын республикалық деңгейде ғана емес, жергілікті өзін-өзі басқару институттары арқылы да жүзеге асыра алады. Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жергілікті деңгейдегі институттардың үйлесімді жұмысына тікелей байланысты. Бұл ретте мәслихаттар мен қоғамдық диалогтың рөлі ерекше, деп хабарлайды SKO24.kz.
«Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары, Журналистер клубының мүшесі Болат Базарбаевтың айтуынша, Ата Заңның көптеген баптары мемлекеттік басқарудың басты міндеттерінің бірі – Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Бұл міндетті жүзеге асыруда жергілікті деңгейдің маңызы зор.
«Биылғы наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы жан-жақты зерделеуді талап етеді. Ата Заңның көптеген баптары мемлекеттік басқарудың басты міндеттерінің бірі – Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Бұл – тек орталық мемлекеттік органдардың міндеті емес. Адамдардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін көптеген мәселе жергілікті деңгейде шешіледі. Сондықтан тұрғындардың өз мүдделерін білдірудің нақты әрі түсінікті тетіктері болғаны маңызды», – дейді Болат Базарбаев.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясында сөйлеген сөзінде мәслихаттардың рөліне ерекше назар аударылды. Олар тиісті аумақтағы халықтың мүддесін білдіреді, бюджеттерді бекітуге қатысады және облыс, қала мен аудандардың дамуына қоғамдық бақылау жасайды.
Солтүстік Қазақстан облысы үшін бұл мәселенің маңызы зор. Себебі Петропавл қаласы мен ауылдық елді мекендер тұрғындарының сұраныстары мен қажеттіліктері әртүрлі. Болат Базарбаевтың айтуынша, бұл жүйені жалпыұлттық диалог алаңдары толықтыра түседі.
«Қазақстан Халық Кеңесі өңірлердің, қоғамдық ұйымдардың және басқа да әлеуметтік топтардың өкілдерін біріктіріп, бұл жүйені кең ауқымды қоғамдық диалогпен толықтырады. Біздің өңірдің бұл консультативтік органда Геннадий Зенченко, Сауле Маликова және Ирина Ектова сынды беделді әрі танымал азаматтармен ұсынылуы қуантады. Олардың әрқайсысының мол тәжірибесі мен кәсіби білімі бар», – деді спикер.
Қазіргі тәжірибе көрсеткендей, азаматтардың мемлекет өміріне қатысуы тек сайлау рәсімдерімен шектелмейді. Ол жергілікті жерлердегі өтініштер мен ұсыныстардан бастап, жалпыұлттық диалог алаңдары мен Парламент депутаттарының жұмысына дейінгі көпдеңгейлі өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асады.
«Нәтижесінде өзара іс-қимылдың бірнеше деңгейі қалыптасады: тұрғындар өз өтініштері мен ұсыныстарын білдіреді, жергілікті өкілді органдар оларды тиісті аумақта қарастырады, ал жалпыұлттық алаңдар ауқымды мәселелер мен тәжірибелерді талқылауға мүмкіндік береді. Құрылтайға сайланған солтүстікқазақстандық депутаттар – Ольга Перепечина, Ерлан Токшалык және Елена Семидоцких те мәслихаттармен және облыс тұрғындарымен тығыз байланыс орнатады деп сенемін», – деді Болат Базарбаев.
Тұрғындар өз бастамаларын білдіріп, ал өкілді органдар мен қоғамдық институттар оларға уақтылы жауап берген жағдайда, әрбір азамат елдің дамуына нақты үлес қоса алатын орнықты басқару жүйесі қалыптасады.