Солтүстік Қазақстан облысында туризмді дамытуға ерекше назар аударылып отыр. 12 шілде күні Имантау-Шалқар курорттық аймағында облыс әкімінің тапсырмасы және Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында арнайы мониторинг жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды SKO24.kz.
Шараға облыстық басқармалар мен тиісті аумақтық департаменттердің өкілдері, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, төтенше жағдайлар және полиция қызметкерлері, сондай-ақ «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, Солтүстік Қазақстан облысының Туристік ассоциациясы мен Айыртау ауданы әкімдігінің өкілдері қатысты.
Мониторинг барысында демалыс орындарының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі, су айдындарын пайдалану тәртібі және қалдықтарды жинау мен шығарудың жүйелі ұйымдастырылуы басты назарда болды. Тексеру нәтижесінде туристік нысандардың иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік талаптары жазылған арнайы жадынамалар табысталды. Сонымен қатар, су айдындарының маңында құтқару қайықтары мен кезекші посттардың болуы міндетті екені ескертілді.
Мониторинг барысында туризм саласындағы кәсіпкерлер курорттық аймақтың инфрақұрылымына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, кейбір учаскелерде интернет байланысының әлсіздігі сөз болды. Бұл мәселе назардан тыс қалмады. Облыс әкімінің тапсырмасымен Шалқар көлі жағалауы бойымен талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жобасы басталды. Жұмыстарды «Кокшетаутранстелеком» компаниясы жүзеге асыруда. Жоба сәтті жүзеге асса, бұл аймақ тұрақты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі.
Бұдан бөлек, жол инфрақұрылымын жаңарту бойынша да нақты қадамдар жасалуда. Өткен жылы жалпы ұзындығы 8,5 шақырым болатын төрт жол учаскесіне күрделі жөндеу жүргізілсе, биыл бұл көрсеткіш 12 шақырымнан асып, бес бағыт бойынша жұмыстар жалғасуда.
Имантау-Шалқар курорттық аймағындағы бұл кешенді жұмыстар — өңірде ішкі туризмді дамытуға жасалып жатқан жүйелі қадамдардың көрінісі. Қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасау — туристер ағынын арттырумен қатар, облыстың инвестициялық және туристік тартымдылығын күшейтеді.