Петропавл қаласында және Солтүстік Қазақстан облысының 13 аудан орталығында кезекті «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. Іс-шара барысында 117 азамат құқықтық көмекке жүгінді, деп хабарлайды SKO24.kz.
Акцияның негізгі мақсаты – құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, заң бұзушылықтарды уақтылы анықтау және азаматтардың құқықтарын нақты қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдау.
Кезекті іс-шара барысында сот актілерінің орындалуына, әлеуметтік және еңбек құқықтарының сақталуына, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылына қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды.
Мәселен, азаматтардың бірі соттың заңды күшіне енген шешімінің ұзақ уақыт бойы орындалмай отырғанына байланысты көмек сұрап жүгінді. Ол мәселені шешуге бірнеше рет әрекет жасағанымен, нәтиже болмаған. Бұл оның заңды мүдделерін жүзеге асыруына кедергі келтірген.
Өтінішті қарау барысында прокурорлар ұсынылған материалдарды зерделеп, өндіріп алушының құқықтарын қорғаудың заңнамада көзделген тетіктерін түсіндірді. Сонымен қатар мәселені шешу үшін одан әрі қабылдануы тиіс әрекеттердің тәртібі айқындалды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде мәселе бақылауға алынып, уәкілетті органдарға заңнама талаптарының тиісінше орындалуын қамтамасыз ету қажеттігі көрсетілді.
«Құқықтық дәріхана» акциясы азаматтарға құқықтық кеңес алумен қатар, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында туындайтын мәселелерді шешуге бағытталған практикалық көмек алуға мүмкіндік береді.
Жалпы, акция басталғалы бері ағымдағы жылдың басынан бастап облыс прокуратурасы 3 500-ден астам азаматты қабылдады.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы тұрғындарды «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында білікті құқықтық көмек алу мүмкіндігін пайдалануға шақырады.
Акция әр сейсенбі сайын Петропавл қаласындағы «Рахмет» сауда үйінде, сондай-ақ облыстың аудан орталықтарында өткізіледі. Азаматтарды қабылдау сауда-ойын-сауық орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мәдениет үйлерінде, аудандық ауруханаларда және басқа да арнайы ұйымдастырылған орындарда жүргізіледі.