Солтүстік Қазақстан облысында «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында 113 азамат қабылданып, тұрғындардың құқықтық мәселелерін шешуге көмек көрсетілді. Соның нәтижесінде Уәлиханов ауданында алимент бойынша 1,5 млн теңге көлеміндегі берешек толық өтелді, деп хабарлайды SKO24.kz.
20 қазанда Петропавл қаласында және Солтүстік Қазақстан облысының 13 аудан орталығында «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. Бастаманы облыстық прокуратура азаматтардың құқықтарын қорғау, құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыру және халықты толғандырған мәселелерді жедел шешу мақсатында тұрақты түрде ұйымдастырып келеді.
Акция барысында тұрғындар заңгерлік кеңес алып, өз өтініштері бойынша уәкілетті органдардың көмегіне жүгіне алады. Сонымен қатар азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге және нақты мәселелердің шешілуіне басымдық беріледі.
Мәселен, Уәлиханов ауданының прокуратурасына алименттің төленбеуіне байланысты азаматтардың бірі өтініш білдірген. Өтініш берушіге төленуге тиіс алимент бойынша берешек 1,5 млн теңгені құраған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде қарыз толық өтеліп, азаматтың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік туған.
Бұл жағдай «Құқықтық дәріхана» акциясының тек кеңес берумен шектелмейтінін, азаматтардың күнделікті өмірінде кездесетін мәселелерді шешуге де ықпал ететінін көрсетеді.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, жыл басынан бері өткізілген акциялар аясында 3 700-ден астам азамат қабылданған. Ведомство тұрғындардың өтініштерін уақтылы қарау, құқықтарын қорғау және қайталама шағымдардың алдын алу бағытындағы жұмысты жалғастырмақ.
Айта кетейік, «Құқықтық дәріхана» акциясы әр сейсенбі сайын Петропавл қаласындағы «Рахмет» сауда үйінде, сондай-ақ аудан орталықтарындағы сауда-ойын-сауық орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мәдениет үйлерінде, аудандық ауруханаларда және басқа да қоғамдық орындарда өткізіледі.
Облыстық прокуратура тұрғындарды акция мүмкіндігін пайдаланып, өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша білікті көмек алуға шақырады.