Солтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымы басталғалы бері 28 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе аз. Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды SKO24.kz.
Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, өрт салдарынан адам өлімі тіркелмеген. Салыстыру үшін айтсақ, 2025 жылдың сәйкес кезеңінде өрт салдарынан 8 адам қаза тапқан. Ал биылғы жылыту маусымында 1 адам жарақат алған, өткен жылы зардап шеккендер болмаған. Көміртегі тотығынан (иіс газынан) улану салдарынан жарақат алу немесе адам өлімі жағдайлары тіркелмеген.
Ал 2025–2026 жылдардағы бүкіл жылыту маусымында облыстың тұрғын үй секторында 214 өрт болған. Салдарынан 31 адам, оның ішінде 3 бала көз жұмған. Тағы 9 адам жарақат алған. Материалдық шығын 52 миллион теңгеден асқан.
Қыс мезгіліндегі өрттердің негізгі себептері — пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, электр жабдықтарын дұрыс орнатпау және пайдалану, сондай-ақ отпен абайсыз жұмыс істеу.
Өрттің алдын алу және адам өлімін болдырмау мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Аулаларды аралау барысында 36 мыңнан астам үй мен 65 мыңнан астам тұрғын қамтылған. Алдын алу рейдтеріне прокуратура, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен волонтерлік ұйымдардың өкілдері де қатысады. Тұрғындар арасында 49 мыңнан астам ақпараттық материал таратылған.
Бұдан бөлек, мамандар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Адамдар көп жиналатын орындарда дауыс зорайтқыштар арқылы өрт қауіпсіздігі ережелері туралы хабарламалар таратылады. Халықты кеңінен қамту үшін бұл жұмысқа спортшылар, актерлер мен блогерлер де тартылуда.
Тұрғындармен кездесулерге де ерекше көңіл бөлінеді. Облыста 274 жиналыс пен жиын өткізіліп, оларға 6 мыңнан астам адам қатысқан. Білім беру ұйымдарында да профилактикалық жұмыстар жүргізілуде: 250-ден астам сабақ, дәріс және түсіндіру әңгімелері ұйымдастырылып, қауіпсіз эвакуациялау бойынша 340 жаттығу өткізілген.
Әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға ерекше назар аударылуда. Департаменттің есебінде 19 589 адам тұратын 5 357 үй бар. Олардың арасында 10 857 бала бар. Жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлерімен бірлесіп, аталған нысандардың барлығында комиссиялық аралау жүргізілген. Бұл үйлерге иіс газын анықтайтын датчиктер орнатылған.
Мұндай құрылғылардың маңыздылығы нақты жағдайлармен де дәлелденіп отыр. Өткен жылыту маусымында өрт хабарлағыштарының 2 рет іске қосылуының арқасында 9 адамның, оның ішінде 5 баланың өмірі құтқарылған.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Атап айтқанда, пештің алдына арнайы металл төсем орнатылуы керек, ал мұржаларды үнемі тазалап отыру қажет. Пештің маңына қоқыс пен отын жинауға, сондай-ақ киім мен аяқкиімді кептіруге болмайды.
Мамандар үйлерге түтін және иіс газын анықтайтын датчиктер орнатуды, электр сымдарының жағдайын уақтылы тексеруді және жылыту құрылғыларындағы ақауларды назардан тыс қалдырмауды ұсынады.