Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Чехия Парламенті депутаттар палатасы төрағасының орынбасары Ян Бартошекпен және Қазақстандағы Чехия Республикасының Елшісі Павол Шепелякпен кездесу өткізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады, деп хабарлайды SKO24.kz.
Кездесу барысында ауыл шаруашылығы, оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдары мен техника саласындағы серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.
Чехия кәсіпкерлерін облысымыздағы инвестициялық жобаларға қатысуға шақырдым. Біздің өңір халықаралық әріптестікке және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын. Серіктестіктің жаңа деңгейге көтерілетініне сенемін, – деді өңір басшысы.
Келіссөздер барысында Пржевальский жылқыларын тарихи Отанына – Қазақстанға қайтару бағытындағы халықаралық жобаға да ерекше назар аударылды. Бұл – тарихи әрі табиғи мұраны сақтау жолындағы маңызды бастама. Себебі Солтүстік Қазақстан жері – аталған тұқымды алғаш қолға үйреткен Ботай мәдениетінің алтын бесігі.
Сапар аясында чехиялық делегация Петропавл қаласының тарихи орындарын аралады. Делегация мүшелері зауыт аумағында сақталған казармаларға ерекше қызығушылық танытты – бұл жерде бір кездері чехословак легионерлері орналасқан. Осындай тарихи нысандар – халықтар арасындағы ортақ өткеннің куәсі әрі достықтың берік көпірі.