СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Сергеев су торабына барып, өңірдегі қазіргі тасқын жағдайы туралы басшылардың баяндамаларын тыңдады. Сергеев су қоймасынан асып төгілу қазір 35 см құрап отыр. Еске сала кетейік, былтыр рекордтық деңгей 425 см болған еді, деп хабарлайды SKO24.kz.
"Жалпы, өңірдегі жағдай тұрақты. Қардың қарқынды еруіне байланысты облыстық және аудандық жолдарда уақытша су тасулары орын алды, бірақ көлік қозғалысына шектеу қойылмады, елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Әкімдіктер мен полиция тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды. Тасқын қаупі жоғары аймақтарға қосымша құтқарушылар мен арнайы техника жіберілді", -деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.
Облыста су тасқынына қарсы шаралар жүргізілуде. Су сорғызу жұмыстары жалғасуда, бөгеттерге бетон плиталар мен жамылғылар төсеу аяқталуда. Елді мекендер ішіндегі 2 мың құбыр тазартылды, ауыл маңындағы 500 км жер қаралатылды, 200 мың текше метр арықтар тазартылды, 119 мың қап дайындалды, 1,5 миллион текше метр қар шығарылды.
Су тасқынына қарсы іс-шараларға Ұлттық ұлан академиясы, Қарағандылық ТЖМ әскери бөлімі және Петропавлдағы аумақтық қорғаныс әскери бөлімі жұмылдырылды. Тасқын жағдайы облыс басшылығының үнемі бақылауында.