Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі отандық медициналық бұйымдар өндірісінде жетекші орын алатын кәсіпорындардың бірі – «КазахМедИмпорт» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Кездесу барысында кәсіпорынның өндірістік әлеуеті, жүзеге асырылып жатқан жобалары, өнім түрлері мен экспорттық мүмкіндіктері жан-жақты таныстырылды, деп хабарлайды SKO24.kz.
«КазахМедИмпорт» ЖШС он жылдан астам уақыт бойы заманауи медициналық және патологоанатомиялық жабдықтар өндірісімен айналысып келеді. Бүгінде кәсіпорын денсаулық сақтау саласында кеңінен қолданылатын 200-ден астам өнім түрін шығарады. Олардың қатарында медициналық мекемелерге қажетті түрлі құрал-жабдықтар, арнайы жиһаздар мен кешенді шешімдер бар. Кәсіпорын шығаратын өнімдер сапасымен ерекшеленіп, ішкі нарықта ғана емес, шетелдік нарықтарда да жоғары сұранысқа ие болып отыр.
Кәсіпорын жұмысының негізгі басымдықтарының бірі – өндіріс үдерісін үнемі жетілдіру, жаңа технологияларды енгізу және өнім сапасын халықаралық талаптарға сай деңгейде қамтамасыз ету. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстың нәтижесінде «КазахМедИмпорт» ЖШС өнімдері халықаралық сапа стандарттарына толық сәйкес келеді. Сонымен қатар кәсіпорын Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізіліп, отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға елеулі үлес қосып келеді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорынның өндіріс көлемі 900 миллион теңгеге жуықтады. Бұл – өндірістік әлеуеттің тұрақты өсіп келе жатқанын көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі. Мемлекеттік қолдау шаралары да кәсіпорынның дамуына оң әсерін тигізіп отыр. Атап айтқанда, «Даму» қоры арқылы жүзеге асырылған жобаның нәтижесінде өндірістік алаң 930 шаршы метрге дейін кеңейтілді. Бұл өз кезегінде өндіріс көлемін ұлғайтуға, өнім түрлерін көбейтуге және жаңа технологиялық бағыттарды дамытуға мүмкіндік берді.
Бүгінде кәсіпорын өз өнімдерін тек Қазақстан нарығына ғана емес, шетелге де экспорттап келеді. Атап айтқанда, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясымен экспорттық келісімшарттар жасалған. Бұл – солтүстікқазақстандық кәсіпорын өнімдерінің сапасы мен сұранысының жоғары екенін айқын көрсетеді. Алдағы уақытта компания экспорт географиясын кеңейтіп, халықаралық әріптестік аясын одан әрі ұлғайтуды көздеп отыр.
Қазіргі таңда кәсіпорында 98 маман еңбек етеді. Ұжым өндірістің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа бағыттарды дамытуға да белсенді атсалысуда. Сонымен қатар кәсіпорын кадр даярлау мәселесіне де ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта жергілікті университетпен және теміржол колледжімен тығыз байланыс орнатылып, болашақ білікті мамандарды даярлау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл бастама өндіріс пен білім беру саласының байланысын күшейтіп, жастарды нақты өндірістік тәжірибеге бейімдеуге жол ашады.
Облыс әкімі кәсіпорынның өңір экономикасын дамытудағы, импортты алмастыруды ілгерілетудегі және отандық медициналық өндірістің әлеуетін арттырудағы рөлін атап өтті. Сондай-ақ мұндай кәсіпорындардың жұмысы жаңа жұмыс орындарын құруға, инновациялық өндірістерді дамытуға және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.
Жалпы, «КазахМедИмпорт» ЖШС-нің табысты жұмысы Солтүстік Қазақстан облысында өңдеу өнеркәсібін дамытуға, отандық өндірісті қолдауға және денсаулық сақтау саласын сапалы өніммен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жобалардың бірі болып саналады.