Солтүстік Қазақстан облысында прокуратураның бастамасымен жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен «Заң мен Тәртіп үшін бизнестен 100 игі іс» атты кезекті ауқымды акция өтті, деп хабарлайды SKO24.kz.
Аталған акция бизнестің әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға, мемлекет пен кәсіпкерлер қауымдастығы арасындағы әріптестікті дамытуға, сондай-ақ қоғамда өзара көмек пен заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Өңір кәсіпкерлері бұл бастамаға белсенді қатысып, туған өлкеге деген жанашырлықтарын нақты істерімен көрсетті.
Осындай қолдаудың жарқын үлгісі Тайынша ауданында байқалды. Ясная Поляна ауылында «GCK-Taynsha Astyk» ЖШС-нің директоры жастарға арналған заманауи шағын футбол алаңын салып жатыр. Ал осы аудандағы Зеленый Гай ауылында «АШЫҚ АЛАН GCK» ЖШС-нің басшысы өз қаражаты есебінен екі шақырым жолды жөндеп берді.
Мағжан Жұмабаев ауданының кәсіпкерлері де игі іске қомақты үлес қосуда. Таман ауылдық округінде «Таманское» ЖШС-нің директоры өз қаражаты есебінен жергілікті стадионға ауқымды қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар бұқаралық спортты дамыту мақсатында жаңа спорттық құрал-жабдықтар сатып алуға шамамен 70 миллион теңге қаржы бөлді.
«Жүргізілген жұмыстар спорттық инфрақұрылымды дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар бастамаларды іске асыру барысында мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады», – деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында.
Еске салайық, биылғы жылдың мамыр айында прокуратура осы акция аясында жүзеге асырылған игі істер туралы да хабарлаған болатын. Сол кезде кәсіпкерлер өз қаражаты есебінен аумақтарды абаттандырып, кеспетас төсеп, музыкалық аппаратура сатып алып, балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін кинотеатрда қайырымдылық фильм көрсетілімін ұйымдастырған еді.