Солтүстік Қазақстан облысында ауқымды егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Бүгінде өңір диқандары егіс алқаптарының 52 пайызын жинап, гектарына орта есеппен 15,3 центнерден өнім алуда, деп хабарлайды SKO24.kz.
Егін жинау жұмыстарының барысы мен аудандардағы жағдай облыс басшылығының ерекше бақылауында. Тайынша ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов дәстүрлі түрде өңірдің негізгі аграрлық орталықтарының бірі саналатын аудандағы науқанның барысымен танысып, жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және механизаторлармен кездесті.
Жұмыс сапары аясында облыс әкімі «Тамыз АгроИнвест», «Vishnevskoye GCK», «GCK Taynsha Astyk», «Дашка-Николаевка СК» және «Элеватор Тайынша» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жұмысымен танысты. Қазіргі таңда ауданда дәнді дақылдардың 72 пайызы жиналды.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жоғары қарқынмен жұмыс істеуде. Егіс алқаптарында қажетті техниканың барлығы толық көлемде жұмылдырылған. Тайынша ауданындағы егін жинау науқанына 1957 трактор мен 756 комбайн қатысуда. Оның 526-сы – заманауи, өнімділігі жоғары техника.
Дәнді дақылдарды бастырумен қатар, шаруалар мал азығын дайындау жұмыстарын да сәтті жүргізді. Шөп, пішендеме және сабан дайындау жоспары толық орындалды. Өнімді үздіксіз қабылдап, сақтауды қамтамасыз ету үшін ауданда жалпы сыйымдылығы 409,8 мың тонна болатын 6 астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. Олар жаңа өнімнің алғашқы партияларын қабылдай бастады.
Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты жұмысына мемлекеттік қолдау шаралары айтарлықтай ықпал етуде. Жеңілдетілген қаржыландырудың арқасында шаруашылықтар егіс құрылымын әртараптандырып, машина-трактор паркін жаңартып, минералды тыңайтқыштар мен жоғары өнімді тұқымдарды пайдалануды кеңейтіп келеді. Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне шамамен 27 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді.
Сонымен қатар ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бағыты да жүйелі түрде дамып келеді. Мәселен, «Ясная Поляна» ЖШС жасымықты қайта өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Жобаға 1,5 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция тартылмақ. Болашақта кәсіпорын өнімін Түркияға экспорттау жоспарланып отыр.
Биыл Тайынша ауданында дәнді дақылдардың жалпы егіс алқабы 402,5 мың гектарды, майлы дақылдар 171,8 мың гектарды, ал азықтық дақылдар 25 мың гектарды құрайды.
Алдағы күндері жергілікті аграршылар үшін басты міндет – қалыптасқан жоғары қарқынды сақтап, қолайлы ауа райын тиімді пайдалану және егін жинау науқанын оңтайлы агротехникалық мерзімде аяқтау.