Солтүстік Қазақстан облысында футзалды дамыту бағытында маңызды қадам жасалды. «Qyzyljar» жеке футзал клубы Қазақстан футзал федерациясында ресми тіркеуден өтіп, алдағы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы чемпионатының Бірінші лигасында өнер көрсетеді. Жаңа маусымның басталуы 2026 жылғы 20 тамызға жоспарланған, деп хабарлайды SKO24.kz.
Қазіргі уақытта команда оқу-жаттығу жиындарын Астана қаласында өткізуде. Сонымен қатар қажетті спорттық инфрақұрылым жасалған жағдайда клуб жаттығу үдерісін Петропавл қаласына көшіруге дайын. Сондай-ақ 2026 жылдың қазан айынан бастап Бірінші лигадағы өз алаңындағы матчтарды Петропавлда өткізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
Өңір үшін тағы бір маңызды оқиға – Қазақстан ұлттық футзал құрамасының жаңа бас бапкері Рикардо Камара Собралдың (Какау) келуі. Сапар барысында жаттықтырушыларға арналған оқу-тәжірибелік семинар, шеберлік сабақтары, спорт мектептерінің тәрбиеленушілері мен спортшыларға арналған практикалық жаттығулар, сондай-ақ облыстың футзал қауымдастығы өкілдерімен кездесу өткізу жоспарланған.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұловтың айтуынша, клубтың дамуына мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде.
«Клубтың дамуына мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Бұл спорт саласын дамытуға, спортшыларды даярлауға қолайлы жағдай жасауға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған мемлекеттік саясаттың нақты көрінісі. “Qyzyljar” клубының құрылуы Солтүстік Қазақстан облысында футзалды дамытуға, спортшылардың даярлық деңгейін арттыруға және жастар арасында осы серпінді спорт түрін кеңінен насихаттауға жаңа мүмкіндіктер ашады», – деді Жүсіп Жұмағұлов.