Шал ақын ауданында өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар арасында діни заңнама талаптарын түсіндіруге және экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды SKO24.kz.
Кездесулерді аудан әкімдігінің «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ-нің ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері өткізді. Спикерлер ретінде топ мүшелері Баян Сәкенова мен Шолпан Оспанова сөз сөйледі.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет ретіндегі ұстанымдары, діни қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама талаптары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар заң бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік шаралары және деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтану мәселелеріне назар аударылды.
Сондай-ақ қатысушыларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2026–2030 жылдарға арналған экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамыту жөніндегі кешенді жоспардың негізгі бағыттары таныстырылды.
Кездесулер ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауаптар алды.
Іс-шаралар Сергеевка қаласындағы аудандық кітапханада және Ақанбарақ ауылында ұйымдастырылды. Екі кездесуге барлығы шамамен 54 адам қатысты.
Мұндай профилактикалық жұмыстар халықтың құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға, қоғамдық келісімді нығайтуға және экстремистік идеологияның таралуына жол бермеуге бағытталған.