Маңғыстаудағы Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата және Сұлтан Үпі жерасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне ресми түрде енгізілді. Тиісті шешім Пусан қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-сессиясында қабылданды, деп хабарлайды SKO24.kz Ерлан Кариннің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Бұл – Қазақстан үшін тарихи маңызы зор оқиға. Соңғы жиырма жылдан астам уақыт ішінде еліміздің мәдени мұра нысаны алғаш рет ЮНЕСКО-ның беделді тізіміне енді. Бұған дейін бұл тізімге 2003 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, ал 2004 жылы Таңбалы петроглифтері енгізілген болатын.
Аталған нысандарды ЮНЕСКО тізіміне енгізу жұмыстары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен және тікелей қолдауымен жүзеге асырылды. 2024 жылы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Маңғыстаудың жерасты мешіттерін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу жұмыстарын бастауды тапсырған еді.
Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-сессиясында сөз сөйлеген қазақстандық делегация өкілдері жерасты мешіттері ғасырлар бойы тек құлшылық ету орны ғана емес, сонымен қатар білім мен рухани ағартудың маңызды орталықтары болғанын атап өтті. ЮНЕСКО-ның бұл шешімі аталған ескерткіштердің тарихи, мәдени және сәулеттік құндылығының жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.
Сарапшылардың пікірінше, жаңа мәртебе Қазақстанға халықаралық қауымдастықтың қызығушылығын арттырып, туризмнің дамуына серпін береді әрі өңірде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қосымша мүмкіндік ашады.
Қазақстан алдағы уақытта да ұлттық мәдени мұра нысандарын ЮНЕСКО тізімдеріне енгізу жұмыстарын жалғастырмақ. Келесі үміткерлер қатарында толықтай ағаштан салынған Жаркент мешіті, Алматыдағы Вознесенск кафедралды соборы, Қаратау петроглифтері және Абайдың «Қара сөздері» бар.