6 қазанда Петропавл қаласында және Солтүстік Қазақстан облысының 13 аудан орталығында кезекті «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. Шара барысында тұрғындарға еңбек, тұрғын үй, әлеуметтік, жер және басқа да құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес берілді, деп хабарлайды SKO24.kz.
Мамандар азаматтарға мемлекеттік органдарға жүгіну, олардың шешімдеріне шағымдану тәртібін түсіндіріп қана қоймай, нақты жағдайларды шешуге практикалық көмек көрсетті. Яғни акция аясындағы жұмыс құқықтық кеңеспен шектелмей, тұрғындардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталды.
Мәселен, акция барысында азаматтардың бірі мемлекеттік қызмет алуға қатысты мәселесімен прокурорларға жүгінген. Мамандар оның құжаттарын зерделеп, қабылданған шешімге шағымдану тәртібін түсіндірді. Сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органға жолданатын өтінішті дайындауға көмек көрсетілді.
Мәселе бақылауға алынып, тиісті шаралар қабылданды. Нәтижесінде азаматтың бұзылған құқығы қалпына келтірілді.
Бұл жағдай «Құқықтық дәріхананың» тұрғындар үшін жай ғана кеңес алатын орын емес, құқықтарын қорғауға және нақты нәтиже алуға мүмкіндік беретін жоба екенін көрсетеді.
6 қазан күнгі акция барысында барлығы 123 азамат қабылданды. Ал жыл басынан бері облыс прокуратурасы ұйымдастырған «Құқықтық дәріхана» акциялары аясында 3 300-ден астам тұрғын құқықтық көмек алған.
Акция тұрақты түрде өткізіледі. Петропавл қаласының тұрғындары әр сейсенбі сайын «Рахмет» сауда үйінде тегін құқықтық көмек ала алады. Аудан орталықтарында қабылдаулар сауда-ойын-сауық орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мәдениет үйлерінде, аудандық ауруханаларда және басқа да қоғамдық орындарда ұйымдастырылады.
Жобаның басты мақсаты – құқықтық көмекті тұрғындарға барынша қолжетімді әрі түсінікті ету және азаматтардың өз құқықтарын қорғауына нақты қолдау көрсету.