1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Петропавл қаласындағы №17 ұлттық жаңғыру мектеп-кешенінің директоры Ләззат Жалмұқанованың айтуынша, Ата Заң шын мәнінде халықтық сипатқа ие және қоғамның өзекті құндылықтарын айқын көрсетеді, деп хабарлайды SKO24.kz.
Жаңа Конституцияда дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып, білім беру мен тәрбие саласының зайырлы сипаты бекітілді. Сонымен қатар, адам капиталын, ғылымды, мәдениетті және инновацияларды дамытуға ерекше назар аударылған. Ал бірлік, ынтымақ және этносаралық келісім мемлекеттіліктің берік негізі ретінде айқындалған.
«Біздің мектебіміздің ұраны – «Әртүрліліктегі бірлік». Сондықтан этносаралық келісім мәселесі бізге өте жақын. Өзім үшін Ата Заңымыздың қаншалықты толерантты екенін ерекше байқадым. Біз жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында, бейбітшілік пен келісімнің маңызын терең түсіне отырып тәрбиелеуіміз қажет. Қазіргі заманда бұл аса маңызды. Жаңа Конституция шын мәнінде халықтық құжат, өйткені ол кең ауқымды қоғамдық талқылаудан өтті», – деді №17 ұлттық жаңғыру мектеп-кешенінің директоры Ләззат Жалмұқанова.
Жаңа Конституция азаматтардың, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың және сарапшылар қауымдастығының ұсыныстарын жан-жақты зерделеу мен ашық қоғамдық талқылаулардың нәтижесінде әзірленді. Елдің конституциялық даму тарихында алғаш рет мұндай ауқымды жұмыс толықтай ашық форматта жүргізілді. Жаңа Конституция 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдум барысында Қазақстан азаматтарының қолдауымен қабылданды. Осы тарихи үдеріс барысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына Ләззат Жалмұқанова да белсенді қатысты.
«Еңбек ұжымдарымен өткен кездесулерде біз Конституцияның негізгі ережелерін жан-жақты түсіндіріп, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы айтып, тұрғындардың сан алуан сұрақтарына жауап бердік. Менің ойымша, жаңа Конституция білім беру, кәсіпкерлік немесе қоғамдық қызмет саласында өзін танытқысы келетін әрбір азаматқа кең мүмкіндіктер ашты», – деді Ләззат Жалмұқанова.
Жаңа Конституциядағы маңызды жаңалықтардың бірі – бір палаталы Парламент – Құрылтайдың құрылуы. Оның депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға жоспарланған.