Басты бет Қазақстан жаңалықтары «Ақ жол» партиясы ҚР Құрылтай депутаттарының сайлау қорытындысына қатысты үндеу жасады

«Ақ жол» партиясы ҚР Құрылтай депутаттарының сайлау қорытындысына қатысты үндеу жасады

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 7
cover

Фото: «Ақ жол» Демократиялық партиясының ресми парақшасынан

Қазақстан Республикасында алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы аяқталды. Осыған байланысты «Ақ жол» Демократиялық партиясы сайлау қорытындысына қатысты үндеу жариялап, партияны қолдаған азаматтарға алғыс білдірді, деп хабарлайды SKO24.kz.

Партияның мәлімдеуінше, алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы Қазақстан Республикасының саяси жүйесін жаңғырту жолындағы маңызды қадам болды. Үндеуде сайлау ашықтық пен әділдік қағидаттарына сай өтіп, азаматтарға өз таңдауын еркін жасауға мүмкіндік берілгені атап өтілді.

«Ақ жол» Демократиялық партиясы сайлауға жан-жақты дайындықпен қатысып, өз бағдарламасын сайлаушыларға таныстырғанын жеткізді. Партия үшін сайлау нәтижесі тек пайыздық көрсеткіш емес, «Ақ жолға» сенім артқан азаматтардың үміті мен қолдауы екені айтылды.

Партия өкілдері сайлаушылардың сенімін үлкен жауапкершілік ретінде қабылдайтынын атап өтті. «Ақ жолға» дауыс берген әрбір қазақстандықтың аманатын орындау үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ партия алдағы уақытта Қазақстан Республикасының экономикасын күшейту, отандық өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыратынын айтты.

«Бізге сенім білдірген барша азаматқа шын жүректен алғыс айтамыз! Әрбір дауыс – ел тағдырына деген азаматтық жауапкершіліктің көрінісі», – делінген партия үндеуінде.

Бөлісу