СҚО-ның сенімді жаңалықтары!
Соңғы жаңалықтар
-
Петропавлда «Қос аңыз кубогі: Заң мен Тәртіп – елдің тірегі» облыстық дебат турнирі өтті
Петропавл қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 9 орта мектепте Республика күніне орай мектеп директорлары мен жас педагогтер арасында «Қос аңыз кубогі: Заң мен Тәртіп – елдің тірегі» атты облыстық дебат турнирі өтті
Камилла Кәрім -
-
Петропавлда мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелері талқыланды
Петропавлда «Тіл – бірлік пен үйлесім негізі: жаңа дәуірдегі тіл саясаты» атты республикалық семинар өтті. Жиында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін цифрландыру және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тіл саласына енгізу мәселелері талқыланды
Камилла Кәрім -
-
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий суасты талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты
Қазақстан мен Әзербайжан алғаш рет Каспий теңізінің түбімен өтетін суасты талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы телекоммуникациялық желілерін біріктірді. Жобаның іске қосылуына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев қатысты
Камилла Кәрім -
-
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Халықаралық нан күніне орай диқандарға алғыс білдірді
16 қазан – Халықаралық нан күні. Бұл мереке – еңбектің, береке мен молшылықтың символы. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңір тұрғындары мен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін мерекемен құттықтады
Камилла Кәрім -
-
СҚО құтқарушылары мұз қату кезеңінде су айдындарын бақылауды күшейтті
Суық ауа райының басталуымен Солтүстік Қазақстан облысындағы су айдындары қауіпті бола түсуде. Алғашқы мұз әлі де жұқа болғандықтан, оның үстіне шығу қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Күзгі кезеңде жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары туралы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтты
Камилла Кәрім -
-
СҚО-да «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында 117 азаматқа құқықтық көмек көрсетілді
Петропавл қаласында және Солтүстік Қазақстан облысының 13 аудан орталығында кезекті «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. Іс-шара барысында 117 азамат құқықтық көмекке жүгінді
Камилла Кәрім -
-
СҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жаңа басшысы болып Сакен Жұмағалиұлы Қасымов тағайындалды. Тиісті бұйрыққа ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы қол қойған
Камилла Кәрім -
-
Ерлік пен талант тарихы: Петропавлда Жәлел Қизатов туралы кітаптың тұсаукесері өтті
Петропавл қаласындағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатов туралы «Батыр. Қаламгер. Қайраткер» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Жаңа басылымда оның майдандағы ерлігі, әдеби шығармашылығы мен қоғамдық қызметі кеңінен қамтылған
Камилла Кәрім -
-
Әр үйдегі қауіпсіздік: Қазақстанда екі жылыту маусымында 56 мыңнан астам өрт датчигі орнатылды
Қазақстанда жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында өткен брифингте өрттердің негізгі себептері мен олардың алдын алу шаралары туралы айтылды
Камилла Кәрім -
-
Солтүстік Қазақстанда кәсіпкерлермен ашық диалог өтті
Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңнамалық талаптарды түсіндіруге бағытталған «Кәсіпкерлермен диалог» профилактикалық акциясы өтті. Іс-шараны облыстық прокуратура ұйымдастырып, оған мемлекеттік кірістер органдары мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты
Камилла Кәрім -
-
Ұрпақтан ұрпаққа: Петропавлда кәсіподақ қозғалысы ардагерлері аллеясына жаңа шыршалар отырғызылды
Петропавл қаласындағы мәдениет және демалыс саябағында Кәсіподақ қозғалысы ардагерлері аллеясына дәстүрлі түрде шырша отырғызу акциясы өтті. Іс-шара Қазақстанның Кәсіподақтар күніне орай ұйымдастырылды. Биыл жасыл аймаққа онға жуық жас ағаш отырғызылды
Камилла Кәрім -
-
СҚО-да құтқарушылар тұрғын сектордағы өрттің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейтті
Жылыту маусымы басталған кезде тұрғын үйлерде өрт шығу қаупі артады. Осыған байланысты СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жеке секторларда профилактикалық жұмыстар жүргізіп, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды ескертуде
Камилла Кәрім -
-
«Құқықтық дәріхана» СҚО тұрғындарына өз құқықтарын қорғауға көмектеседі
6 қазанда Петропавл қаласында және Солтүстік Қазақстан облысының 13 аудан орталығында кезекті «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. Шара барысында тұрғындарға еңбек, тұрғын үй, әлеуметтік, жер және басқа да құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес берілді
Камилла Кәрім -
-
Назар аударыңыздар, жүргізушілер! СҚО-дағы Покровский көпірінде жөндеу жұмыстарына байланысты 10 қазанға дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы СҚО Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, жүргізушілерге қозғалысқа уақытша шектеу қойылатынын ескертеді
Камилла Кәрім -
-
Петропавлдағы Әлихан Бөкейхан атындағы №25 мектептің ұстазы Гүлнұр Елубай: анасының ұстаздық жолын жалғаған
Ұстаздықты мамандық қана емес, өмірлік мұрат деп қабылдаған жандардың бірі – Петропавл қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елубай Гүлнұр Амантайқызы. Оның ұстаздық жолы кездейсоқ таңдалған кәсіп емес. Бұл – анадан балаға жалғасқан, бір әулеттің өмірлік ұстанымына айналған жол
Камилла Кәрім -
-
Күзгі өнім – сауда сөрелерінде: СҚО-ның Мағжан Жұмабаев ауданында ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданындағы Булаево қаласында қарттарды қолдау айлығы аясында ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Іс-шара жергілікті тұрғындардың басын қосып, қажетті өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға және жергілікті өндірушілерді қолдауға мүмкіндік берді
Камилла Кәрім -
-
Әке жолын жалғаған ұстаз: Петропавлдағы Қожаберген жырау атындағы №6 мектепте 40 жыл еңбек еткен Шынар Сейітқызының ұстаздар әулеті
«Ұстаз боламын». Шынар Сейітқызы бұл сөзді бала күнінде, небәрі бірінші сыныпта жүргенде-ақ жазған екен. Сол кездегі балалық арман жылдар өте келе өмірлік таңдауына айналды. Бүгінде білім саласында қырық жыл еңбек етіп келе жатқан Шынар Сейітқызы үшін ұстаздық – жай ғана мамандық емес, әкеден жалғасқан өмірлік жол
Камилла Кәрім -
-
СҚО-да 60 мыңға жуық тұрғын тұмауға қарсы екпені тегін алады
Солтүстік Қазақстан облысында жаңа эпидемиологиялық маусым басталды. Әдетте ЖРВИ мен тұмаудың өршу кезеңі желтоқсан-қаңтар айларына келеді. Инфекцияның таралу қаупін азайтып, өңір тұрғындарын қорғау мақсатында СҚО-да 60 мыңға жуық вакцина дозасы сатып алынды. Жақын арада облыс тұрғындары тұмауға қарсы екпені тегін ала алады. Бұл туралы СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Кушбасов мәлімдеді
Камилла Кәрім -
-
Петропавлда студенттермен «Келісім аумағы» акция-челленджі өтті
Петропавлда қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру аясында «Келісім аумағы» акция-челленджі өтті
Камилла Кәрім -
-
Есірткі жарнамалайтын граффитиге және вандализмге тосқауыл: Петропавл жастары «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында қала көшелерін қауіпті жазулардан тазартуда
Қауіпсіз әрі таза қалалық орта тек коммуналдық қызметтердің жұмысына ғана емес, тұрғындардың өздері тұратын жерге деген жауапкершілігіне де байланысты. Бүгінде Петропавлдың әртүрлі бөліктерінде есірткі жарнамалайтын граффитилер мен вандализм іздерін кездестіруге болады. «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында қала жастары көшелерге шығып, қауіпті жазуларды анықтап, оларды бояп өшірді
Камилла Кәрім -