Қазақстанда «Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын
Бөлісу
«Әділет» партиясы алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға толық дайын екенін жариялады. Бұл туралы партия төрағасы жасаған ресми мәлімдемеде айтылды, деп хабарлайды SKO24.kz.
Партияның бағалауынша, алдағы сайлау жаңа Конституцияның қағидаттарын іс жүзінде жүзеге асыруға және Қазақстандағы демократиялық институттарды одан әрі дамытуға мүмкіндік беретін маңызды саяси кезең болмақ.
Мәлімдемеге сәйкес, «Әділет» партиясы сайлауға нақты бағдарламамен және кәсіби командамен қатысады. Партия өз қызметін әділдік, заң үстемдігі, жауапкершілік, патриотизм және тұрақты даму қағидаттарына негіздейтінін атап өтті.
Сонымен қатар партия сайлау науқанын заң талаптарына сай жүргізуге, азаматтардың еркін таңдау құқығын құрметтеуге және ашық әрі әділ саяси бәсекеге қатысуға дайын екенін жеткізді.
Партияның негізгі мақсаты – қоғам сеніміне ие болып, Әділетті Қазақстанды нығайтуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыру. Мәлімдемеде ашық саяси бәсеке, қоғам алдындағы жауапкершілік және Конституцияға құрмет елдің тұрақты дамуының негізгі шарттары екені атап өтілген.
Партия төрағасы ұйымның алдағы саяси науқанға толық әзір екенін және қабылданатын шешімдер мен олардың нәтижесі үшін жауапкершілік алуға дайын екенін мәлімдеді.
Бөлісу