Басты бет Қазақстан жаңалықтары Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28% артты

Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28% артты

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 11
cover

Фото ИИ: Gemini

2026 жылдың қаңтар–мамыр айларында Қазақстанда 25,7 мың тонна ірімшік пен сүзбе өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28%-ға көп. Осылайша өндіріс көлемі 5,6 мың тоннаға артты, деп хабарлайды SKO24.kz Ұлттық статистика бюросының деректеріне сілтеме жасап.

2026 жылғы қаңтар-мамыр аралығында қазақстандық өндірушілер шетел нарығына шамамен 0,9 мың тонна ірімшік пен сүзбе экспорттады. Отандық өнім Ресейде, Қырғызстанда және Арменияда тұрақты сұранысқа ие. Сонымен қатар өткізу нарығының географиясы кеңейіп келеді: Өзбекстан мен Моңғолияға жеткізілім көлемі айтарлықтай артты, сондай-ақ Әзербайжан мен Корея Республикасының нарықтарына алғашқы экспорттық жеткізілімдер жүзеге асырылды.

Отандық өндіріс көлемінің артуына байланысты 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ірімшік пен сүзбе импорты 9,2% төмендеді.

Ішкі нарықта сұраныстың тұрақты өсімі байқалады. 2026 жылғы бес айдың қорытындысы бойынша ірімшік пен сүзбені өткізу көлемі 41,4 мың тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,2%-ға өсті.

2026 жылғы маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда сүзбенің орташа бөлшек сауда бағасы бір килограмына 2 457 теңгені құрады. Ең төменгі орташа баға Петропавл қаласында тіркелді – бір килограмы 1 661 теңге, ал ең жоғары баға Жезқазған қаласында –бір килограмы орта есеппен 3 060 теңге болды.

Бөлісу