Басты бет Қазақстан жаңалықтары Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ қолында

Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ қолында

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 7
cover

Қазақстанның жаңа Конституциясы адамды, оның құқықтары мен мүмкіндіктерін мемлекеттің ең басты құндылығы ретінде айқындады. Осы бағыттағы маңызды басымдықтардың бірі – адами капиталды дамыту, оның өзегі – сапалы білім беру, деп хабарлайды SKO24.kz.

Бүгінгі таңда елдің бәсекеге қабілеттілігі табиғи ресурстармен емес, азаматтарының білімімен, кәсіби даярлығымен және зияткерлік әлеуетімен өлшенеді. Сондықтан білім беру жүйесін жетілдіру – Қазақстанның тұрақты дамуының басты шарттарының бірі, деп хабарлайды

Жаңартылған Конституцияның 33-бабында әрбір азаматтың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға құқығы кепілдендірілген. Сонымен қатар азаматтардың конкурс негізінде жоғары білімді тегін алуға құқығы бекітіліп, мемлекет білім беру саласында бірыңғай жалпыға міндетті стандарттарды қамтамасыз ететіні көрсетілген. Бұл – білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың конституциялық негізі.

Білім – тек жеке адамның жетістігінің кепілі ғана емес, елдің экономикалық өсімі мен инновациялық дамуының басты қозғаушы күші. Сондықтан мемлекет мектепке дейінгі тәрбиеден бастап жоғары білім мен ғылымды дамытуға дейінгі барлық деңгейде жүйелі реформаларды жүзеге асырып келеді. Заманауи мектептер салу, педагогтердің мәртебесін көтеру, цифрлық білім беру технологияларын енгізу және жастардың ғылыммен айналысуына жағдай жасау – осы саясаттың маңызды бағыттары.

Адами капиталға салынған әрбір инвестиция – Қазақстанның болашағына салынған инвестиция. Білімді, ой-өрісі кең, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыру – елдің тұрақты дамуы мен халықаралық аренадағы табысының негізгі кепілі.

Жаңа Конституция білімді ұлт қалыптастыруға берік құқықтық негіз қалап, әрбір азаматтың сапалы білім алып, өз қабілетін толық жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Өйткені білімді қоғам ғана қуатты мемлекет құра алады.

Бөлісу