«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай Қазақстан сайлаушыларына үндеу жасады
Бөлісу
Фото: «Әділет» партиясының ресми парақшасынан
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасап, партияны қолдаған азаматтарға алғысын білдірді, деп хабарлайды SKO24.kz.
Ол өз сөзінде сайлауалды науқан барысында елдің әр өңіріндегі тұрғындармен кездесіп, олардың талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдағанын атап өтті.
«Сайлауалды науқан кезінде еліміздің әр өңірін аралап, талай азаматпен жүздестік. Әр кездесуде халықтың мұң-мұқтажын, ойы мен ұсынысын өз аузынан естідік. Айтылған әр пікір біз үшін маңызды, олардың барлығы алдағы жұмысымызда ескеріледі. Бұл сайлау ашық, әділ әрі айқын өтті. Саяси партиялар арасында шынайы бәсекелестік болды. Сіздердің сенімдеріңіз біз үшін үлкен жауапкершілік. Біз халықтың үмітін ақтау үшін аянбай еңбек етеміз. Бізге сеніп, «Әділет» партиясын қолдаған әр азаматқа шын жүректен алғыс айтамыз!» – деді Айбек Дәдебай.
Бөлісу