Президент бастамалары демократия мен ұлттық құндылықтарды нығайтуға бағытталған
Бөлісу
Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған бастамалар бұған дейінгі ауқымды саяси реформалардың жалғасы болып табылатынын Премьер-министр Олжас Бектенов атап өтті, деп хабарлайды SKO24.kz.
Мемлекет басшысы жариялаған идеологиялық тұжырымдарға сүйене отырып, Қазақстан заманауи сын-тегеуріндерге төтеп бере алады, — деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр Ұлттық құрылтайдағы Президент тапсырмалары туралы: әрбір министр мен әкімнен, әрбір сала мен өңірден нақты нәтиже қажет.
Үкімет отырысында Премьер-министр атап өткендей, бесінші Ұлттық құрылтай отырысында жарияланған бастамалар демократиялық институттарды нығайтуға және ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамытуға бағытталған.
Парламент пен қоғамдық институттардың рөлін күшейтуге бағытталған ұсыныстар демократиялық қағидаттардың саяси жүйеде ғана емес, қоғам мәдениетінде де орнығып келе жатқанын көрсетеді.
Қазақстанның заманауи сын-қатерлерге қарсы тұруына негіз болатын басты идеологиялық тұжырымдар айқындалды. Олардың қатарында қоғамды ұйыстыру, отаншылдық, әділдік және «Заң мен Тәртіп» қағидатына берік ұстаным бар. Сондай-ақ, ұлттық идеологияның ажырамас бөлігі саналатын «Таза Қазақстан» бастамасы да негізгі құндылықтардың қатарында.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының қойған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты міндеттерді іс жүзінде орындау қажеттігіне ерекше назар аударылды.
«Президент әрбір жауапты лауазымды тұлғадан батыл, стандарттан тыс әрі инновациялық шешімдер қабылдауды талап етіп отыр. Бұл өмірдің барлық саласына қатысты. Әрбір министр мен әкімнен, әрбір сала мен өңірден нақты, көзге көрінетін нәтижелер қажет», — деді Олжас Бектенов.
Бөлісу