Қазақстан Президенті Бейбітшілік Кеңесінің Жарғысына қол қойды
Бөлісу
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста өткен Бейбітшілік Кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысып қайтты. Кеңес АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған, ал іс-шараға 18 елдің лидерлері мен ресми өкілдері қатысты, деп хабарлайды SKO24.kz.

Рәсім барысында Мемлекет басшысы АҚШ Президентімен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық көшбасшының назарын Давос форумы ресми құжаты – «Дональд Трамптың 365 күнде 365 жеңісі» баяндамасының 177-бөліміне аударды, онда Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылғаны көрсетілген. Президенттің айтуынша, бұл Қазақстанның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы ұстанымының тұрақтылығын айқындайды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Дональд Трампқа ақылға қонымды қағидаларға негізделген ішкі саясатында сәттілік тіледі. Бейбітшілік Кеңесінің Жарғысына қол қойып, Қазақстан әлемдік аренада диалог, ынтымақтастық және конструктивті өзара әрекеттестікті дамытуға адал екенін көрсетті.
Өз кезегінде АҚШ Президенті Мемлекет басшысына Бейбітшілік Кеңесін құру бастамасын қолдағаны үшін алғыс айтып, Қазақстанның халықаралық деңгейде бейбітшілік пен тұрақтылық идеяларын насихаттаудағы үлесін атап өтті.
Бөлісу