Басты бет Қазақстан жаңалықтары Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті

Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті

by Камилла Кәрім

views 28
cover

Астанада Қазақстан Республикасының Конституциялық реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтіп, елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған жаңа кезең басталды, деп хабарлайды SKO24.kz.

Комиссия төрағасы болып Конституциялық соттың төрайымы Эльвира Азимова тағайындалды. Оның орынбасарлары ретінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин мен Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бекітілді. Комиссияның кеңейтілген құрамына Парламент депутаттары, мәслихат төрағалары, БАҚ өкілдері, мемлекеттік органдар, қоғамдық кеңестер, сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері енді.

Ерлан Карин Ұлттық құрылтайдың жаңартылған мәртебесіне тоқталып, жаңа кезеңде жаңа өкілеттікке және ерекше атауға ие болған Құрылтай қазақ жеріндегі парламентаризм дәстүрінің тереңде жатқанын аңғартатынын айтты. Сонымен қатар, жұмыс тобы Мәжіліс депутаттарына қойылатын талаптар Құрылтайға да сол қалпында қалғаны жөн деген пайымға келген.

Оның айтуынша, бір палаталы Парламент үлгісіне көшу кезінде заң шығарушы органның рөлін күшейтумен қатар, тежемелік және тепе-теңдік жүйесін сақтау аса маңызды.

Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев Қазақстанның Халық Кеңесі алдағы уақытта да Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастыратынын мәлімдеді.