Басты бет Қазақстан жаңалықтары Азат Перуашев: Конституциялық реформа – бұл бүкіл саяси жүйені терең қайта жаңғырту

Азат Перуашев: Конституциялық реформа – бұл бүкіл саяси жүйені терең қайта жаңғырту

by Камилла Кәрім

views 97
cover

Пропорционалды жүйе бойынша сайланатын бір палаталы Парламентке көшу Қазақстанның саяси жүйесін дамытудың қисынды жалғасы болып табылады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды SKO24.kz.

Ол өзінің саяси процестерге қатысу тәжірибесі негізінде «Ақ жол» демократиялық партиясы Мемлекет Басшысының бір палаталы Парламентке көшу жөніндегі бастамасына нық қолдау білдіргенін еске салды.

Азат Перуашевтың айтуынша, екі палаталы Парламент – бұл федералдық мемлекеттік құрылым институты, онда Сенаттың міндеті –федерация субъектілерінің заңнамасын ұсыну және үйлестіру.

«Қазақстан бірыңғай заңдары мен ережелері бар унитарлық мемлекет болып табылады. Біз Шемонаихадан Форт- Шевченкоға дейін, Бескөлден Шардараға дейінгі әртүрлі аймақтардағы адамдардың өмір сүру сапасы мен мемлекеттік қызметтерге бірдей кепілдік беріліп, қорғалуына ұмтыламыз. Бұл тұрғыда өңірлер мен олардың тұрғындарының мүдделері тең дәрежеде сақталуы тиіс», - деді Азат Перуашев.

Ол Мемлекет басшысы бұл бағытта 2022 жылы қадам жасағанын айтты: сол кезде заңдардың қабылдануы Мәжіліс құқығына жатқызылды, ал Сенатқа заң жобаларын мақұлдау немесе оларға ұсыныстар енгізу функциясы берілді.

«Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қазіргі бастамасы Конституцияның дәйекті эволюциясының логикасын көрсетеді. Сонымен қатар бұл біздің саяси жүйеміздің және оның институттарының жетілуін жеделдетеді», – деп атап өтті Азат Перуашев.